Кәмелетке толмаған балалары үшін ата-ананың жауапкершілігі
2021 жылдың өткен кезеңінде Федоров аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабына сәйкес, көлікті мас күйінде басқару фактілері бойынша 43 әкімшілік іс қаралды.
Егер полиция қызметкерлері шара қолданбаса, көлікті алкогольдік масаң күйде жүргізудің әрбір фактісі, орны толмас зардаптарға әкеліп соқтыруы, отбасыларға қайғы әкеліп, басқалардың тағдырын бұзуы мүмкін.
Кәмелетке толмаған баланың мас күйінде рөлге отыруы фактілері алаңдаушылық туғызбай қоймайды.
Мәселен, Федоров аудандық сотында көлік құралын мас күйінде басқарған азамат Д.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 8-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.
Анықталғандай, азамат Д. түнгі сағат 2 де жатақханада алкогольдік ішімдік ішіп, көрші ауылдағы үйіне досының көлігімен баруға бел буған.
Федоров–Баннов тас жолында полиция қызметкерлері тоқтатады.
Құжаттарды тексеру барысында көлік жүргізушісінің небәрі 17 жаста екені және де көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екені анықталды. Онымен қоса одан ішімдік исі сезілген.
Медициналық тексеруден өткеннен кейін жеңіл дәрежедегі алкогольдік ішімдік ішкен деген анықтама беріледі.
Кәмелетке толмаған азамат Д. өзінің әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәсін толықтай мойындады.
Алайда, азамат Д. ның кәмелетке толмағандығына байланысты және осы санаттағы тұлғаларға әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтынын ескере отырып, Федоров аудандық соты оны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оның заңды өкілі болып келетін анасына әкімшілік айыппұл салды.
Бұл факті кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары назардан тыс қалдыруға болмайды және «Федоров ауданының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиясының» отырысының өтуіне негіз болып табылады.
Федоров аудандық соты
[xfvalue_img]
22 пікір