Жас өспірімдер арасындағы суицид.
- Өзін- өзі өлтіруге дейін жеткізу дегеніміз– бір адамның өміріне қысым көрсету арқылы жүзеге асырылады. Бұндай қылмыстарды мектеп шағындағы жасөспірім балалардың арасында жиі кездестіретініміз анық. Қазіргі таңда жұмыстан қолы босамайтын ата- аналарымыз үшін, балаларының бұндай жағдайын түсіну және оны анықтау оңайға соқпайды. Көбінесе мектеп қабырғасында жүрген жасөсіпірім балаларымыз әрі психологиялық ойлау қабылеті қатты қатпаған, әр сөзді жүрекке алып, ренжеп, сөз көтере алмаған жағдайда немесе мұғалімінен кемсіту, ұрыс, зорлық-зомбылық көрген кезде ғана сондай нәрсеге бел буады. Күйзеліске түскен жас өскіннің көбіне өзін-өзі өлтіруге бел байлағандар- бұл туралы көпшілікке жария қылмайды. Егерде айтатын болса, жан –жағындағы адамдар оны дұрыс түсінбеуі мүмкін деп, немесе олар оны кемсітеді деп ойлауы әбден мүмкін. Бұл суицидке иштей өзін психологиялық жақтан дайындап жүреді. Кейбіреулер көбінесе жауапсыз махабаттын құрбаны болуы да мүмкін. Жәбірленушіні қорқыту, оған қатығездікпен қарау немесе оның адами қадыр қасиетін үнемі қорлау да суицидке апартын бірден бір жол. Көп кездесетін себептердің бірі- депрессия. Бұл- кезде адамның көңіл күйі нашарлап, ойланғыш болып келеді Өмірдегі басты мақсаты қызығушылығы жойылады. Жасөспірімдерге ата- анасы үнемі қолдау көрсете білу керек. Ата- анасы әр баласының жағдайына оның мінез құлқына мән беруі керек. Бала мен ата- ананың арасында ешқандай жасырын нәрсе болмауы тиіс. Өз – өзіне құл жұмсаған жас өспірімдердің арасында өздеріне не себепті қол жұмсағандарын сыртқа білдірмей жұмбақ өлім боп ашылмай қалатыныдары да бар. Адам баласын болжап оның өз-өзіне қол жұмсайтындығын білу әрине мүмкін емес. Суицид дегенміз өзі- ол адам баласына бірден келетін нәрсе емес, ол адам баласының санасын біртіндеп аулайды. Адамның санасы әлсіз болған соң оған күніне неше түрлі ойлар келуі ғажап емес. Егерде соңғы бір жылда үнемі өлім туралы ойлай беретін болса, оның осы ойы санасына сіңіп, артында адам баласын өлімге апартыны айдан анық. Өмірдің әртүрлі қиыншлықтары адам баласының сағын сындырып жібертіні бар. Бір адам өмірден озса оның өмірін ешкім орнына қоя алмайды. Қандай да бір жағдайды алмасақ та өмірде әр адам өзінің өміріне жауапшылықпен қарауы тиіс. Әр адамның өміріне қиыншылықтар мен неше түрлі сынақтар кездесетіні айдан анық. Алайда, бұл ол өмірден бас тартуға себеп емес. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты азайту мен өз өзіне қол жұмсамау деректерін азайту мақсатында құқық қорғау органдарымен мектептер арасында көптеген семинарлардың болуы, бұндай жағдайдын алдын алуға көмегін тигізетіні сөзсіз. Балалардың өмірін сақтау баршамыздың міндетіміз.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының қоғамдық тәжірибе маманы И. Ержанова
[xfvalue_img]
18 пікір