Зорлық-зомбылық жасаудан аулақ болайық

Зорлық-зомбылық жасаудан аулақ болайық

 

         Біздің халқымыз – ер-азаматты шаңырақ иесі десе, әйел-ананы отбасының алтын қазығы деп бағалаған, бұрын әйел теңдігі ұғымы мәселе болса, бүгінде ол гендерлік теңдік деген үлкен саясатқа ұласқан. Мемлекет басшысының қолдауымен гендерлік теңдік аясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заң қабылданды. Бұл заң тек әйелдерге ғана емес, отбасының басқа да мүшелерінің тең құқығын сақтап, тұрмыстағы қысымды болдырмауға ықпал етеді.

         Солай десек те, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі толық шешімін таппаған. Сарапшылардың айтуынша, еліміздегі әрбір үшінші әйел психологиялық зорлық-зомбылыққа, әрбір жетіншісі – физикалық, әрбір тоғызыншысы – экономикалық және әрбір оныншысы сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшырайды екен. Күйеуінен зорлық-зомбылық көрген әйелдер көбіне жұрттан ұялып, ол жағдайды жасырып қалады. Шағым түсіруге күйеуім қысымды күшейтеді деп қорқады да, көп жағдайлары отбасының айналасынан аспайды. Қазір елімізде өзекті мәселенің бірі – отбасылық зорлық-зомбылық болып отыр.

         Қазіргідей дамыған заманда әйел теңдігін, табиғатынан қамқорлықты қажет ететін нәзік жандылардың құқығын қорғау қай қоғамда болмасын маңызды. Соған қарамастан, әйелдер қауымының 40-60 пайызы отбасында, сонымен қатар, кездейсоқ жағдайдағы озбырлыққа ұшырайды екен. Әйелдерге қарсы жасалатын қылмысқа басты себеп: бірігіп спирттік ішімдік ішу мен маскүнемдік әсерінен өзара ұрыс-керіс, жанжалдың шығуы, тұрмыс қиыншылықтарын дұрыс түсініп, бірігіп шешім табу жолын білмеу, ер мен әйел арасындағы бірін-бірі жек көрушілік сезімінің басым болуы, зәбір көрушінің сезіктіге заттай тәуелді болуы, әйелдердің өз құқығын дұрыс білмеуі басты себеп. Өзі біраз уақыт жаны ауырып, күйзелісте жүрген, отбасындағы күйеуі немесе басқа да жақыны тарапынан қысым көрген әйел қылмыс жасауы мүмкін. Содан болар, соңғы жылдары әйелдер қолымен жасалатын қылмыс түрлері де артып отыр. Оның ішінде адам өлтіру немесе тапсырыс беру, есірткі затын тасымалдау сияқты аса ауыр қылмыстарға барған нәзік жандылар да бар. Әрине бұндай қылмысқа қазақи тәрбие алған ауылдық жерде тұратындар бара бермейтіні белгілі, бірақ ондайдың алдын алып отырған дұрыс.

         Бүгінгі таңда, қоғамда психологиялық ахуал тұрақсыз болғандықтан, үнемі күйзелістің үстінде жүретін әйелдер көп. Ал, олардың барлығының ақылы психолог кеңесін алуға мүмкіндігі бола бермейтіні белгілі, әсіресе ауыл тұрғындары.

         Әрине қылмысқа баратын нәзік жандылардың кесірінен ұл-қыздары балалар үйіне жіберіледі, отбасы ойран болады. Баланың болашағына балта шабылады. Жоғарғы оқуға түсерде немесе мемлекеттік қызметке орналасарда туыстарының сотталғаны туралы мәліметтер кесірін тигізеді.

        

         2020 жылғы  сәуір айында Теректі ауданының №2 сотының бастауымен ауданымызда тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың алдын алу  мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылып, оның жұмыс кестесі бекітілді. Жұмыс тобының мақсаты  ауыл тұрғындар арасында  зорлық-зомбылықтың алдын алу профилактикасын жүргізу, заң нормаларын түсіндіріп отбасыларын сақтауға насихат жүргізу.

         Қорыта айтар тілек, қай халық болмасын, әйел затына ықласпен қараған. Ер азаматтың тірегі, қамқоршысы болған әйелдер қамыққанда сүйеу, тарыққанда тіреу, қам көңілге жұбаныш бола білген. Осыған орай отбасының ұйтқысы, берекесі, қамқоршысы болған әйел затын аялайық дегім келеді. Ал, әйел азаматшаларға айтарымыз, сіздер бұдан да жақсы өмір сүруге, бақытты ана, сүйікті жар болуға лайықтысыздар. Егер, құқықтық психологиялық көмекті қажет етсеңіздер, қамығып, іштей тынбай, құқық қорғау мекемелерінің көмегіне жүгінген жөн.

 

БҚО Теректі ауданының №2 аудандық сотының

 судьясы  Е.Г. Усманов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.