Тіл мәртебесі-ел мәртебесі!
Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін-ұлы. Ғұлама ғалым А.Байтұрсынов «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» -деп тілдің ұлт үшін қандай маңызды екенін бір-ақ ауыз сөзге сыйдырған.
Сондықтан тіл мәселесі үнемі кең көңіл бөлуді талап ететін мәселе. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақтың болашағы-қазақ тілінде» деп алдымызға айқын жол ашып берген болатын. Біз бұл тұста осы ұстанымды жүзеге асыру үшін қызмет бабында тілдің қадір-қасиетіне жетіп жүзеге асырсак болғаны. Елбасының «Қазақпен қазақ қазақша сөйлессін»- деген ұлағатты сөзін ескермеу тағы мүмкін емес. Тәуелсіздік алғалы мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында көптеген іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Қазіргі қоғамда мемлекеттік тілді дамытуға мемлекеттік қызметшілер де ат салысуда. Мемлекеттік қызмет көрсетуде сот саласы жоғарғы көрсеткіштерге жетіп келеді.
Мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин «Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды» дегендей бүгінде сот саласының кеңсесі мемлекеттік құжаттарды ана тілімізде қолдануды жүзеге асыруда. Ақжайық аудандық сотында үнемі жиналыстар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып,осы ана тіліміздің қолдану аясын кеңейту мақсатында талқылау жүргізіліп отырады. Ана тілі-ананың ақ сүтімен әр қазақ баласының бойына дарыған тіл болғандықтан, ана тіліміз арқылы біз халқымызды, отанымызды танып білеміз. Тіл мәртебесі-ел мәртебесі! Сондықтан мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерсек, сот саласында да сот төрелігі арқылы арыз шағымдарды мемлекеттік тілде қабылдап, есебін жүргізіп қолданылу аясын кеңейтсек , барлық құжаттар қазақ тілінде болса сотқа халықтың сенімі қалыптасып, сот билігінің беделі артады деген ойдамын. Тіземізден сүрінсекте тілімізден сүрінбейік. Ана тілімізді ардақтап мәртебесін көтерейік.
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Ақмарал Нұрым.
[xfvalue_img]
15 пікір