Мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлесі басым

Мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлесі басым

 

Еліміз тәуелсіздік алған соң  қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялағаны баршамызға мәлім. Бұл туралы еліміздің Ата заңы Конституциямыздың 7-бабының 1-бөлігінде «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі» деп көрсетілген. Яғни қазақ тілі - шиеленіскен дауларды орақ тілдің арқасында бір ауыз сөзбен шешкен бабаларымыздың асыл мұрасы, ұлттық мәдениетіміз бен әдет-ғұрып, салт- санамыздың мәйегі.

Күні бүгінге дейін мемлекеттік тілдің дамуы мен нығаюына бағытталған заңдар қабылданып, бағдарламалар дайындалды, сол бағдарламаларды жүзеге асыру үшін түрлі іс-шаралар  ұйымдастырылды. Бүгінде ана тіліміздің абырой-мәртебесі үшін жасалған жұмыстар мен төккен тер өз нәтижесін көрсетуде. Әсіресе, еліміздің сот жүйесі мемлекеттік тілде іс жүргізуге толықтай көшкенін айта кеткен жөн. Ісқағаздар қазақ тілінде толтырылып, сот процестері мемлекеттік тілде өткізілуде. Мәселен, Шыңғырлау аудандық сотына арыз-шағымдар мен кіріс құжаттары былтыр 97 пайыз, биыл 98 пайыз мемлекеттік тілде түскен.                 

Ал аудандық соттың шығыс құжаттары мен ішкі құжат айналымы 100 пайыз қазақ тілінде жүргізіледі. Бұл көрсеткіштер жыл сайын еселену үстінде. Сот қызметкерлерінің мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендігін әр тоқсан сайын өткізілетін тестілеу анықтап береді.

Сонымен бірге, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оны отбасы құндылығы ретінде қарастыруды көздейтін практикалық сабақтар мен семинарлар тұрақты түрде ұйымдастырылады. Мұнан өзге мемлекеттік тілде ресімделген сот актілерінің сапасына талдау жүргізіледі. Бір сөзбен айтқанда, тіліміздің сот жүйесінде қолданылу деңгейі жыл сайын артып келеді.

Сот істерін мемлекетік тілде жүргізу Конституция талабы болғандықтан, мемлекеттік тілде жазылған құжаттардың, сот актілерінің сапасына жоғарғы талап қою, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту сот жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі болып қала бермек. Себебі  тілімізді мәңгілік етудің тетіктерін жұмыс істетіп, Жолдауда берілген тапсырманы өміршең ету - барша қазақстандықтардың міндеті. Сондай-ақ сот саласының барлық қызметкерлері мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, кіріс-шығыс құжаттарын, іс-қағаздар жүйесін де 100 пайыз қазақшаландыруға мүдделі болғаны абзал.

Осы орайда қазақтың біртуар жазушысы Ахмет Байтұрсынов: «Ана тілінде еркін сөйлеп, шын жүрегіңмен құрметтесең ғана өзгелерге де ана тілінді құрметтете аласың» деген сөзі бар. Қандай саланың маманы болсаң да ана тілін кұрметтеп, қазақ тілінің мәртебесін көтеру - қазақтың қара шаңырағының астында тұрған, елім, жерім деген әрбір азаматтың борышы деп есептеймін.

Шыңғырлау аудандық сотының кеңсе меңгерушісі

Г.А.Амантаева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.