Өмір мен денсаулыққа қарсы қылмыстар

Өмір мен денсаулыққа қарсы қылмыстар

Ұғымы және жіктелуі

Өмір мен денсаулыққа, жеке адамға қарсы қылмыстар – бұл адамның негізгі құндылықтарына, оның өмірі мен денсаулығына қол сұғатын әрекеттер. Оларды жасау нәтижесінде көбінесе орны толмас салдарлар пайда болады – жәбірленушінің қайтыс болуы, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, өзге де ауыр салдарлар.

Заң жүзінде қылмыстың бұл түрі ҚР ҚК  Ерекше бөлімінің 1 тарауында бекітілген. Оларға бірқатар қылмыстық жатады.

Негізгілері:

  1. Абайсызда адам өлтірудің және өлім-жітімнің әртүрлі түрлері (ҚР ҚК 99-104-ББ.)
  2. Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (ҚР ҚК 105-Б.)
  3. Денсаулыққа әртүрлі ауырлықтағы зиян келтіру, азаптау (ҚР ҚК 106-114-ББ.)
  4. Өзге де қылмыстар.

Жоғарыда аталған қылмыстар тікелей және жанама ниетпен, қасақана және абайсызда жасалуы мүмкін. Қарастырылған қылмыстардың көпшілігі үшін субъект 16 жасқа толған адам болып табылады. Кейбір құрамдар бойынша заң шығарушының жасы 14 жасқа дейін төмендетілді (мысалы, ҚР ҚК 99, 106, 120-баптары бойынша).

Жауапкершілік

Өздеріңіз білетіндей, жасалған қылмыс үшін жауапкершілік-бұл заң деңгейінде қарастырылған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы, ол соттың кінәлі адамға жасаған әрекеті үшін жаза қолданудан тұрады.

Жоғарыда аталған қылмыстар тобын қарастыра отырып, олардың ең ауырларын ажыратуға болады. Бұл кісі өлтіру және денсаулыққа ауыр зиян келтіру. Аталған қылмыстарды жасағаны үшін заң шығарушы бас бостандығын шектеу түріндегі қосымша жазамен бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздеді.

Сот тәжірибесінен мысал келтіретін болсақ, Ж. өзінің досы Б.  мен алкогольді ішімдік ішу кезінде жанжал басталып, дұшпандық қарым-қатынас негізінде әдейі, едәуір күшпен оның басына және мойнына шыны бөтелкемен бірнеше соққы жасады, бұл кейіннен ауруханада Б. - ның өліміне әкелді.  Ж. ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша қасақана кісі өлтіргені үшін сотталып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

90% жағдайда соттар мұндай қылмыстар бойынша үкім шығарған кезде нақты бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындайды.

Басқа да ауыр емес құрамдар бойынша айыппұлдан бас бостандығынан айыруға дейін жазаның әртүрлі түрлері көзделген.

Әдетте, жәбірленуші үшін ауыр зардаптарға әкеп соқпаған ауыр емес қылмыстар үшін айыппұл түріндегі ең төменгі жаза тағайындалады. Оларға ұрып-соғу, азаптау жатады.

Мәселен, Қ. сот үкімімен ҚР ҚК 108-бабының 1-бөлігі бойынша сотталды, бұл бап, қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінен ӘҚБтК-не алынып тасталды.

Үйдегі жанжал кезінде Қ. анасының денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін айыппұл салынды. Сонымен қатар, сотталушы жәбірленушіден кешірім сұрап, келтірілген зиянды қалпына келтірді.

Осылайша, соттар кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін нақты бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза – айыппұл, міндетті жұмыс, шартты түрде соттауға тырысады. Ерекшелік-рецидивистер, яғни бұрын қылмыс жасаған адамдар. Осы санаттағы адамдар үшін жазаның мерзімі мен мөлшері әлдеқайда қатал.

Осындай қылмыстардыц алдын-алу шаралары бойынша көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мысалы, біздің сот, әр ай сайын әскери бөлімшелер қызметкерлеріне, жоғары оқу орындарындарында оқитын студенттерге семинар, ашық есік өткізіп жатады. Менің ойымша, бұл болашақ құқықбұзушылықтардан сақтап, халықтың заңи білімін арттырады. 

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының жетекші маманы А.С. Зейнулла

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.