Мемлекеттік тілдің деңгейін көтеру басты мақсатымыз.
Кез келген елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп жазылған. Ал орыс тілін — ресми тіл және мемлекеттік тілмен бірдей қолданылады деп айтылған.
Сондықтан, оған бей-жай қарамауымыз керек. Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасына сүйенсек, Ата заң аясында бақ-берекетіміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық. Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Елдің мерейін асыратын да, құтын қашыратын да тіл.
Ендеше, тілімізді, ұлтымызды отбасымызды қадірлегендей тілімізді де қадірлейік!
Бауыржан ағамыз: “Тіл байлығы – елдің елдігін, жұртшылығын, ғылыми әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғамдық құрылысын, салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің, мұрасының қай дәрежеде екенін көрсететіні сөзсіз” — деп тайға таңба басқандай анық та айқын көрсетіп берген болатын.
Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі. Тіл – ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз бөлігі. Тілдің тағдыры – баршамыздың қолымызда.
Тілді оқып-үйренуді барынша жоғары деңгейге көтеру біздің ұжымның басты мақсаты.
Жалпы мемлекеттік тіл саясатын толыққанды жүзеге асыру бұл бұқаралық іске айналғанда ғана көздеген мақсатына жете алады. Оның маңызы мен мүмкіндіктерін жан-жақты ашып, жұрттың оған деген сенімін нығайтуға күш салғанымыз дұрыс.
Тіл тағдырына деген жеке адам ретінде жанашырлығымызбен қамқорлығымыз артуда. Қазіргі таңда барлық мекеме орындары іс құжаттарын мемлекеттік тілде жүргізеді.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсам, тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілді білсең өз абыройың – ел мерейі.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық әскери соты – баршаңызды тілдер мерекесімен құттықтай отырып,тереземіз кең, тіліміздің жұлдызы жана беруіне тілектес.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық әскери сотының кеңсе меңгерушісі Э.Ярулина
[xfvalue_img]