ЕЛОРДАЛЫҚ ӘКІМШІЛІК СОТ АЛҒАШ РЕТ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНМЕН МЕДИАЦИЯ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ БЕКІТТІ
2021 жылғы 27 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен «Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің арасында жасалған медиация туралы келісімді бекітті.
ЖШС «Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне ұсынылған ақпаратты кері қайтарып алуға мәжбүрлеу туралы талап қою арызымен сотқа жүгінді.
Алдын ала тыңдау барысында әкімшілік процеске қатысушылар судьяның көмегімен медиация туралы келісім жасасты, оның шарттары бойынша талапкер жер учаскесін толық игеру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға міндеттенеді, ал жауапкер ретінде танылған мемлекеттік мекеме 3 жұмыс күні ішінде «Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне берілген ақпаратты кері қайтарып алуға міндеттенеді.
Естеріңізге сала кетейік, егер заң бойынша жауапкерге әкімшілік ұйғарым берілсе, жария-құқықтық даулар бойынша татуласу мүмкін болады. Тараптардың татуласуы даулы жария құқықтық қатынастардың субъектілері ретіндегі олардың құқықтары мен міндеттеріне ғана қатысты болуы мүмкін.
Қаралған іс бойынша келісім жасасуға кедергілер болған жоқ.
Тараптар судьяға татуласу құқығын түсіндіргені және рәсімді өткізгені үшін алғыс білдірді.
[xfvalue_img]