Сот кабинетінің мүмкіндіктері

Сот кабинетінің мүмкіндіктері

«Сот кабинеті – бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған. Осы сервистің ерекшелігі – азамат, оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кез-келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ, интернет желісі арқылы сот құжатын, сондай-ақ істегі мәртебесін көре алады және сот актісін басып шығарып алуға мүмкіншілігі бар.

Әрбір сотқа жүгінген азамат арыз беру үшін электронды цифрлы қолтаңба алып, сот кабинеті арқылы жібереді. Сот кабинеті сервисі арқылы заңды тұлғалардың мемлекеттік баж төлеу, жеке тұлғаның төлем карточкасы арқылы баж төлеу, сондай-ақ төлем құжатының сканерден өткен көшірмесін бере алады. Аталған қызметтерді электронды цифрлы қолтаңбасы бар азаматтар ғана тұтынады. Қазіргі кезде «Сот кабинеті» сервисі арқылы түсетін талап арыздар 100 пайыз электронды түрде түседі.

Сотқа жүгінген азамат талап арызы тіркелгені туралы талон алады, бірнеше күннен кейін оның ұялы телефонына оның арызы бойынша сот құжаты шыққаны туралы хабарлама келеді. Бұл ретте азаматтар сот құжатын алуға сотқа барып уақытын кетіріп, қаражатын шығындап әуре болмайды.

Жаңартылған «Сот ісін жүргізу» қызмет көрсетуі азаматтық, қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізу құқығы салалары бойынша бөліктерді қамтыған, ол тәжірибесі жоқ пайдаланушыға заңдық кеңес алмай-ақ сервисті пайдалану мүкіндігін ұсынады. Құқықтың әрбір саласында тиісті электрондық қызмет көрсетулер бар.

«Менің істерім» деген бөлімде пайдаланушы жіберген электрондық арыздар туралы ақпаратты қарау және істі қарау барысының мүмкіндігі жеңілдетілген. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін енді бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы ақпаратты қарау және істі қарау барысы бір жерде іске асырылған, пайдаланушы тиісті сілтемені баса отырып, барлық сатыдағы өз ісінің қозғалысының тұтас процесін қарай алады.

Қазақстан Республикасының сот жүйесіне заманауи электрондық технологияларды енгізу халықтың сот төрелігіне қолжетімділік деңгейін елеулі түрде көтеруге мүмкіндік берді.

«Сот кабинеті» сервисі біртіндеп қағаз құжат айналымынан бас тартуға, ол өз кезегінде соттарда электрондық сот ісін жүргізудің жаңа сатысына көшуге мүмкіндік береді.

Г.Әбдіғалиқызы, Жаңақала аудандық сотының бас маманы, сот отырысының хатшысы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.