«Сот кабинеті» сервисі халыққа тиімді.

«Сот кабинеті» сервисі халыққа тиімді.

«Сот кабинеті» – бұл электрондық ақпараттық сервис. Ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе және сот ісін жүргізуді жеңілдету, азаматтар үшін сот жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған. «Сот кабинеті» халық арасында кең таралып, адвокаттардың, судьялар мен сот қызметкерлерінің жұмысына тиімді жәрдемдесуде.

Осы сервистің негізгі ерекшелігі – азамат, оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кез келген ыңғайлы уақытта үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ интернет желісі арқылы сот құжатын, сондай-ақ істегі мәртебесін қарай алады, сот актісін басып шығара алады.

Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет.

«Сот кабинеті» сервисі арқылы заңды тұлғалардың мемлекеттік баж төлеу мәселесі шешімін тауып, жеке тұлғаның төлем карточкасы арқылы бажды төлеу, сондай-ақ төлем құжатының сканерден өткен көшірмесін беру мүмкіндігі бар.

«Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен танысу» электронды сервистері Жоғарғы соттың www.sud.kz ресми сайтында іске қосылған. Аталған қызметтерді электронды цифрлы қолтаңбасы бар азамат тұтына алады.

Соттарда «Сот кабинеті» тақырыбы бойынша әрқашан дөңгелек үстелдер, семинар сабақтары өткізіледі.

Қазіргі таңда сотқа шағым, арыздар 100 пайыз электронды түрде түседі. Ол соттың да, сотқа жүгінген тұлғалардың да уақыты мен жұмысын азайтады. Мысалға келтіретін болсақ, азамат немесе оның заңды тұлғасы өзінің уақыты мен қаражатын кетірмей, үйінен арыз, шағым жіберсе, ол электронды түрде соттың базасына түседі. Сот қызметкері дайын электронды түрде түскен арызды тіркейді. Ол үшін құжаттарды сканерден өткізіп, базаға салып жатпайды, өйткені олардың барлығы дайын түседі. Айтып өтетін жайт, бұл сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтады және сыбайлас жемқорлыққа бейімділікті азайтуға ықпал етеді.

Сот жүйесіне қазіргі заманғы технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді.

 Миргүл Утишкалиева,

Орал қаласының тергеу сотының кеңсе меңгерушісі.

 

 

                                                                                             

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.