Жаңа Кодекс - жаңа бетбұрыс.

Жаңа Кодекс - жаңа бетбұрыс.

2021 жылдың шілдесінен Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енгізілді. Жаңа заңның мемлекеттің құқықтық, сот жүйесіне, соның ішінде мемлекеттік органдардың қызметіне тың серпін берерін атап өткен жөн. 

Еуропа, Балтық, сонымен  қатар посткеңестік мемлекеттердің көбінің құқықтық жүйелерінде әкімшілік әділеттің дамығаны белгілі. Біздің елімізде де заңның қабылдануы кезек күттірмейтін шара екені 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында да, кейіннен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауыннан да анық аңғарылады. Соның ішінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Әділетті мемлекет» тұжырмдамалары, әдіс сот төрелігі, соттардың мамандандырылуы секілді негізгі бағыттар айқындалып, қоғамның соттарға деген сенімін орнықтыру басымдығы бар мақсатқа айналу керектігі айтылған болатын.

Күнделікті өмірде жеке және заңды тұлғалар үнемі мемлекеттік органдарының қызметіне жүгінеді және олармен  қатынастарға түседі. Бұл қатынастар билік және бағыну қатынастарынан туындайтындықтан, қатысушылардың теңсіздігімен ерекшеленеді. Бұл ретте мемлекет атынан өкілеттік ететін басқару органы қызметінің ерекшелігі ескеріліп, азаматтар мен заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғалу құқығына кепілдік берілуі тиіс. Сол жария құқықтық қатынастарда адам құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тетіктерінің бірі- Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекс.

Кодекстің қабылдануы ел үшін жаңа институт-әкімшілік әділеттің құрылуымен маңызды. Жария құқықтық дауларды реттейтін Кодекстің мақсаты жеке, заңды тұлғалардың бұзылған немесе дауланатын құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтірудің тиімді тетіктерін орнату.

Жаңа заң құқықтық жүйе үшін жаңа құжат, мемлекеттік құрылымда,қоғамда бетбұрыс жасайтын тың заңнама. Кодекс жария-құқықтық дау кезінде мемлекеттік құрылымдар мен қарапайым азаматтардың теңдей мүмкіндікке ие болуын қамтамасыз етумен қатар, мемлекеттік басқару аясындаға заңннаманың осы уақытқа дейін бір жүйеге түспеген олқылықтарды шешуге бағытталған.

Кодексте ел заңнамасында бұрын кездеспеген жаңа қағидаттар бекітілді. Жаңа қағидаттардың қатарында сенім құқығын қорғау, мөлшерлестік, құқықтардың басымдығы, ресми талаптарды теріс пайдалануға тыйым салу қағидаттары бар.

Жаңа қағидаттардың бірі- әкімшілік сот ісін жүргізу соттың белсенді рөлі негізінде жүзеге асырылатындығы. Талапкердің дәлелдемелерді ұсыну мүмкіндігінің шектелуіне байланысты  жауапкерге даулардың бірқатар санаттары бойынша оның шығарған құқықтық актілері мен әрекетінің (әрекетсіздігінің) заңдылығын, олардың ұсынылған құзырет шегінде әзірленіп қабылданғандығын, қажетті әрі дұрыс екендігін дәлелдеу міндеті жүктеледі. Сот өз бастамасы немесе әкімшілік процеске қатысушылардың уәжді өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинайды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді орындайды.Сот әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, арыздарымен, өтінішхаттарымен, олар ұсынған дәлелдермен, дәлелдемелермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектеліп қана қоймай, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттейді.

         Ұлттық заңнамада бұрын қағидаттар ретінде ерекше аталмаған қағидаттар ретінде сенім құқығын қорғау және мөлшерлестік қағидаттарын атауға болады.

         Сенім құқығын қорғау қағидатының ұғымы азаматтардың, заңды тұлғалардың мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның тек заңды әрекет етеді деген түсінігін білдіреді.

Кодекстің 13 бабына сәйкес әкімшілік рәсімге қатысушының әкімшілік органның, лауазымды адамның қызметіне сенімі Қазақстан Республикасының заңдарында қорғалады. Әкімшілік орган, лауазымды адам немесе сот Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теріс деп белгілемейінше, әкімшілік акті, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) заңды және негізді деп есептеледі.

Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекс мемлекеттік органдарға  дәлелдеу міндетін жүктей отырып, сонымен қатар соттың процестік құқықтарды теріс пайдаланатын немесе процестік міндеттерді орындамайтын тұлғаға, оның ішінде сот белгілеген мерзімді дәлелсіз себептермен бұза отырып дәлелдер ұсынылған, тапсырмалар орындалған жағдайларда, егер бұл әкімшілік істі қараудың созылуына алып келсе, әрбір әрекет (әрекетсіздік) үшін ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқығын белгілеген.

Ақшалай өндіріп алу жеке тұлғаға, лауазымды адамға, заңды тұлғаға не оның өкіліне он айлық есептік көрсеткіштен бастап бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде қолданылады. Ол процестік құқықтарды теріс пайдаланатын немесе процестік міндеттерді орындамайтын тұлғаға, оның ішінде сот белгілеген мерзімді дәлелсіз себептермен бұза отырып дәлелдер ұсынылған, тапсырмалар орындалған жағдайларда, егер бұл әкімшілік істі қараудың созылуына алып келсе, әрбір әрекет (әрекетсіздік) үшін он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы.

       Соттың талабын, сұрау салуын орындамағаны, әкімшілік іске қатысушы адамның сотқа келмегені, сотқа уақтылы хабарламағаны, кері қайтарып алуды уақтылы бермегені, сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбағаны, сотта белгіленген қағидаларды бұзғаны, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемегені туралы анық куәландыратын өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) үшін сот жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы.

     Соттың шешімін, соттың тараптардың татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімін бекіту туралы ұйғарымын орындамағаны үшін жауапкерге елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолданады.

         Құқықтық салаға үлкен бетбұрыс жасаған бұл құжаттың жаңашылдықтары бірі-соттың істерді қарауға кететін ақылға қонымды мерзімі.

Әкімшілік сот ісін жүргізудің ақылға қонымды мерзімдерінің институты Ресейде, Германияда, Латвияда және Еуропаның басқа да елдерінде бұрыннан сәтті қолданылуда.

Ақылға қонымды мерзімді айқындау кезінде әкімшілік істің құқықтық және нақты күрделілігі, әкімшілік процеске қатысушылардың процестік құқықтарды пайдалану және процестік міндеттерді орындау дәрежесінен көрінетін мінез-құлқы, әкімшілік істі жедел қарау мақсатында жүзеге асырылатын соттың әрекеттерінің процестік тұрғыдан жеткіліктілігі мен тиімділігі сияқты мән-жайлар ескеріледі деп көрсетілген.

Бірақ ол «арыз түскен уақыттан бастап есептегенде үш айдан артық мерзімге созылмауы керек». Дегенмен, аса маңызды істерде бұл мерзім ұзаруы мүмкін. Алайда ол үшін судья істі қарау мерзімінің не себепті ұзартылғанын дәйектеп ұйғарым шығаруы тиіс. Бірақ оның да мерзімі шектеулі – үш айдан артық созуға жол берілмейді.

         Мемлекеттік басқару аясындағы адам құқықтары мен заңды мүдделерінің  бұзылуынан қорғау өз кезегінде әкімшілік әділеттің құзіретінде. Әкімшілік әділеттің дамуы, сыртқы соттық бақылау, мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігінің, шешімдерінің сапалылығы мен негізділігінің артуына  әсер етері сөзсіз.  Өз кезегінде әкімшілік әділеттің сот жүйесіне тигізер әсері де бар. Тараптардың теңсіздігінен басталатын, биліктің ең күшті тармағы-атқару билігімен дауласуда соттың бейтарап, тәуелсіз бола білуі, әділ шешім шығаруы халықтың сотқа деген сенімін арттырып қана қоймай, мемлекеттік басқару қызметін сапалы басқарудың әлемдік стандарттарына қол жеткізуге септігін тигізеді.        

Шынаргуль Шайдиева

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.