Кәсіпкерлік құқықтың пәні.

Кәсіпкерлік құқықтың пәні.

         Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік құқығы – бұл ұлттық құқық жүйесінің бірқатар салаларының жекеленген нормалары мен институттарын қамтитын кешенді оқу пәні болып табылатыны мәлім. Кәсіпкерлік құқық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде қалыптасатынқоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

         Нарықтық экономика жағдайындағы экономикалық байланыстардың күрделілігі мен әртүрлілігі мамандардан құқықтық білімді талап етеді. Дәл қазір экономикалық және құқықтық білімді синтездеуге қабілетті кадрларға қажеттілік бұрынғыдан да көп сезіледі,бұл әртүрлі профильдегі мамандарды құқықтық даярлаудың маңыздылығын анықтайды. Қорғаушы, экономикалық дауларды, экономикалық білімге ие болмай шеше алмайды. Мұның бәрі жоғары кәсіби білім алуға үміткер барлық мамандарды құқықтық сауаттылығын даярлау қажеттілігін тудырады.

         Негізінде, Қазақстанда нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңі кәсіпкерлік қызметті реттеуге бағытталған нормативтік құқықтық базаны құрумен және одан әрі жүйелі жетілдірумен, сондай-ақ кеңестік кезеңде «шаруашылық құқық» деп аталған оқу пәнінің қалыптасуымен байланысты болды. Оқу курсының құрылымдық құрылысы әлі күнге дейін заңгер ғалымдар арасындағы даулардың тақырыбы болып табылады.

         Кәсіпкерлік құқықтың мәні – кәсіпкерлік қатынастар болып табылады. Кәсіпкерлік – бұл кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар, сондай-ақ олармен тығыз байланысты басқа да қатынастар деп білеміз. Кәсіпкерлік қатынастарды, жалпы алғанда, екі тапқа бөлуге болады:

1) кәсіпкерлік қатынастардың өзі (яғни, көлденең);

2) кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу кезінде туындайтын қатынастар (тік).

         Бірінші жағдайда кәсіпкерлер арасында қатынастар орын алады. Мысалы, шаруашылық мәмілелерін жасауу кезінде (тауарды жеткізу, өндірістік объектілерді жалға алу, банктік қызмет көрсету шарттары және т.б.); Екінші жағдайда – кәсіпкерлі қызмет субъектілері мен оның құзыретті органдары мен лауазымды тұлғалары мемлекет арасындағы қатынастар (кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу, олардың қызметін лицензиялау, салық салу, тексерулерді жүзеге асыру және т.б.) кезінде туындайды.

         Атап айтқанда, кәсіпкерлік құқықтық әлі күнге дейін жан-жақты зерттелу үстінде.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.