Сот билігі
Қазақстан Республикасы Конституцияның 3-бабына сәйкес билік үш тармаққа бөлінеді заң шығарушы, атқарушы және сот билігі болып.
Заң шығарушы парламент, сенат және мәжілістен тұрады.
Атқарушы билік үкімет мемлекет басшысына бағындады.
Сот жүйесіне келсек Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Сот билiгi сотта iс жүргiзудiң азаматтық, қылмыстық және заңмен белгiленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады.
Сот билігі үш сатылы сот жүйесінен тұрады.
Аудандық және оларға теңестірілген соттар бірінші сатыдағы сот ретінде әрекет етеді. Аудандық соттар түсінікті оларға теңестірілген соттар дегеніміз Мамандандырылған (әскери, қаржылық, экономикалық, әкiмшiлiк, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi және басқа) соттар жатады.
Қылмысытық істер бойынша аудандық және оларға теңестірілген соттар үкім жарияланған күннен бастап он бес тәулік ішінде, ал күзетпен ұсталатын сотталған адам үкімнің көшірмесін табыс етілген күннен бастап сол мерзім ішінде, сол үкім шығарған сот арқылы апелляциялық шағым беруге, прокурор үкімді қайта қарау туралы апелляциялық өтінішхатты келтіруге құқылы.
Облыстық және оған теңестірілген соттың соттылығына жататын қылмыстық істер екінші сатылы сот апелляциялық сатыдағы сот ретінде әрекет етеді.
Облыстық және оған теңестірілген сот аудандық және оларға теңестірілген соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, сондай-ақ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларына апелляциялық (жекеше) шағымдар, прокурордың өтінішхаттары бойынша істерді апелляциялық тәртіппен қарайды.
Облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары) жатады.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты. Бірінші сатыдағы соттардың үкімдерін, қаулыларын апелляциялық сатыда қарағаннан кейін оларды қайта қарау туралы өтінішхаттарды, апелляциялық сатыдағы соттардың үкімдерін, қаулыларын;
Бірінші сатыдағы соттың үкімдері мен қаулылары апелляциялық сатыда қайта қаралғанына не қаралмағанына қарамастан – оларға, апелляциялық сатыдағы үкімдер мен қаулыларға Жоғарғы Сот төрағасының ұсынуларын, Бас Прокурордың наразылықтарын сот алқасында қарайтын жоғары сот сатысы ретінде әрекет етеді.
Соттар тұрақты судьялардан тұрады, олардың тәуелсiздiгi Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьяның өкiлеттiгi тек заңда белгiленген негiздер бойынша ғана тоқтатылуы немесе кiдiртiлуi мүмкiн.
Қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
әскери сотының бас маман
сот отрысынң хатшысы
Н.Тұркменбаев
[xfvalue_img]
10 пікір