Мемлекеттік тіл-ұлтымыздың қазынасы
Елбасымыз айтқандай: «Мемлекеттік тіл енді ұлттық саясаттың діңгегі болуы тиіс». Сондықтан да, барлығымыз мемлекеттік тіліміздің қолданыс аясының кеңеюі үшін және қазақ тілін Қазақстан Республикасының әрбір азаматы «Мемлекеттік тіл-менің тілім» дейтін деңгейге жеткізу үшін бір үйдің баласындай атсалысайық.
Елбасының тапсырмасымен туған тіліміздің мәртебесін көтеру мақсатында, еліміздегі барлық мемлекеттік мекемелердегі құжат айналымын қазақ тілінде жүргізу қолға алынды. Тіліміздің мәртебесін көтеру мақсатында Бөкей ордасы аудандық сотында іс қағаздары толықтай 100 пайызға орындалып отыр және үнемі қадағалануда. Сот жүйесінде мемлекеттік тілге деген жаңашырлық білдіру, оны құрметтеу осы салада қызмет атқаратын әр қызметкердің міндеті деп айтуға болады. Өз тіліңді сыйлай білгені, мемлекеттік тілді меңгере білгені.
Қазіргі кезде сот саласында барлық іс құжаттары, келіп түскен өтініштер талап арыздар мемлекеттік тілде жүргізілуде. Айта кететін бір жайт кейбір мекемелер әліде орыс тілінде құжаттар әкеледі, оның ішінде кейбір құжаттары қазақ тілінде болатыны анық, оларға дер кезінде мемлекеттік тілде жауап қайтарылады. Біздің өз саламызда ішкі құжаттардың барлығыда мемлекеттік тілде жүргізілуде.
«Көш жүре түзеледі» ғой, бірақ та келешекте осындай келеңсіз оқиғалар орын алмас үшін, тек қана Мемлекеттік тілді дамыту бөліміне міндеттеп қарап отырмайық.
Тіл-біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз,барымыз. Қазақ тілі- қазақтың мәдениетімен бірге қайнасып жатқан рухани қазына.
Мемлекеттік тіл-ұлтымыздың қазынасы екенін біліп жүрген жөн болар. Алтын қазына ана тілі-өз халқымыздың рухани байлығы, өткені мен болашағы. Тазалықтың, пәктіктің, имандылықтың жаршысы. Тіл-тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі.
Өз тілімзді, алтын қазынамызды құрметтеп білейік ағайын.
Зияш Зайнуллина
БҚО, Бөкей ордасы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі
[xfvalue_img]