Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!

Қадыр Мырза Әли атамыздың «Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте» деп өлең жолдарында айтылғандай, ана тілі - халықтың болмысы, тарихы және тағдыры. Ұлттың ұлт болып сақталуы тілдің ұмытылмауына, ұрпақтан - ұрпаққа үздіксіз жалғасуына байланысты.

Еліміздің тәуелсіздігін айқындайтын негізгі конституциялық құқық белгілерінің бірі - мемлекеттік тіл. Қазақстан егемен ел болғалы Елбасының тікелей бастамасымен қазақ тілін дамытуды қолға алды. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев мемлекеттік тіл мәселесіне айрықша тоқталып, барша қазақстандықтарға, оның ішінде қазақ тілін жетік меңгермеген отандастарымызға «Жастар ағылшын немесе басқа да тілдерді аз уақытта меңгеріп алады, ал қазақ тілін үйренгісі келген адам оны әлдеқашан біліп шығар еді. Халқымызда «Ештен кеш жақсы» деген сөз бар. Ең бастысы, ынта болуы керек»,- деген үндеу тастаған болатын.

Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік тілдің жағдайы қуантарлық емес, оның ішінде кейбір сот қызметінде де кездесіп жатады. Кейбір соттарда мемлекеттік тілде қаралатын істердің көлемі аз. Оның себебі сотқа жүгінген кейбір азаматтар арыз - шағымдарын және тағы басқа да құжаттарын орыс тілінде «Сот кабинеті» электрондық акпараттық сервисі арқылы жолдағаны және сот процесінің қай тілде өтуі шағымданушының өз еркінде екендігі. Сонымен қатар, арыздың ресми тілде жазылуына кейде қазақша дұрыс білмейтін тергеуші, адвокаттардың әсері де болып жатады.

Мұғалжар аудандық сотында барлық шығыс және ішкі құжаттар, мемлекеттік мекемелермен хат алмасу мемлекеттік тілде жүріп жатыр. Статистикалық мәліметке сүйенер болсақ, 2021 жылдың 1-тоқсанында соттағы жалпы құжаттар айналымының саны 3044 болса, оның ішінде мемлекеттік тілде 2785, яғни 92% құрап отыр, қаралған істердің саны 546 болса, оның ішінде мемлекеттік тілде жүргізілгені 488, яғни 90% құрап отыр.  

Мемлекеттік тілдің мерейін асыру мақсатында мемлекеттік орғандарда оның ішінде сот қызметінде қажырлы жұмыстар атқарылып келеді. Мәселен, кейбір соттарда қазақ тілін қолдану аясын кеңейту мақсатында көптеген игі шаралар өтіп жатыр. Айтар болсақ, біздің сот тарапынан да қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту және мемлекеттік тілдің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді талқылау бойынша дөңгелек үстелдер, семинар сабақтары, мемлекеттік мекемелер арасында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып отырады. Мәселен, жақында Мұғалжар аудандық сотының бас маман - сот отырысының хатшысы  А.Тулебаева «Мемлекеттік тіл - қызмет тілі» тақырыбында мемлекеттік мекемелері өкілдерінің қатысуымен  «WhatsApp» мобильдік қосымшасы арқылы дәріс оқыды. Баяндамасында сот маманы мемлекеттік тілдің мәртебесін, бүгінгі күнгі қолдану жағдайын, соның ішінде сот жүйесінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолдану аясын кеңейту жөнінде жүргізіліп жатқан шаралар туралы баяндады. 

Мақаламды аяқтай келе, еліміздің әрбір азаматы ана тілін ардақтап, өзге тілді құрметтеуі керек. 

Мұғалжар аудандық сотының бас маманы А.Шекенова

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

11 пікір

  1. аватар
    Giselle 28 августа 2024 10:13

    нашла ключи к чему это гадание на кофейной гуще курит гадание на таро бесплатно с расшифровкой
    к чему снится намочить обувь посевной
    на март по знакам зодиака

    My blog post ... люди обладают магией

  2. аватар
    Renaldo 10 сентября 2024 23:28

    шу кесте ораза 2022, шу ораза
    кестесі 2023 помощь в покупке авто в казахстане, автоподбор в казахстане отзывы акт
    рубежный контроль, приказ о проведении итоговой аттестации в школе
    табиғатта үш күйде кездесетін зат, үш агрегаттық күйдегі заттардың бар болуы

    my website - әлеуметтік патронаж

  3. аватар
    Marty 6 октября 2024 05:14

    диктант 1 сынып 2 тоқсан, диктант 1 сынып наурыз өндірістік
    кооператив презентация, өндірістік кооператив жарғылық капиталы отбасы
    құрылымы, отбасы құндылығы дегеніміз не эластин деген не, талшықты шеміршек

    Here is my web page: үйі мәз
    боп қой сойды сүйіншіге шапқанға өлеңдегі құбылту түрі

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив