Жаңа кодекстің басты өзгешілігі
2015 жылдың 31 қаңтарына дейін басшылыққа алынып, қолданылып келген, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 411 Заңымен қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық Іс жүргізу кодексі Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы №377-V Заңымен күші жойылып, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі қолданысқа енгізілді.
Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қол қойып, жаңартылған Азаматтық процестік кодексіне 2020 жылдың маусым айынан бастап қолданысқа енгізілді. Бұл өзгеріс сот ісін жеңілдетті. Заң саласында өзгерістердің болуы қоғамның дамуын байқатты. Қоғамға ыңғайлы болу, отбасы құндылықтарын арттыру үшін заңға үлкен өзгерістер енгізілді. Өйткені, ол заман талабы. Мұнда тәжірибенің рөлі орасан зор.
Жалпы күнделікті өмірдегі қатынастарды реттеудің бәрі азаматтық қатынастардан тұрады. Азаматтық даулар азаматтық процессте қаралады, Азаматтық істер қоғамда өте көбейіп кетті, істердің 83 пайызы азаматтық істер болуда.
Жаңа азаматтық процестік кодекс судьяның белсенділігін арттырды.
Сот процесінде судья тараптарға өзі болысып, оларға заң тұрғысында бағыт бере алады. Себебі сотқа қатысушылардың барлығы бірдей заң біле бермейді. Білмеу салдарынан қиындықтарға тап болып жатады. Бір сөзбен айтқанда заңға өзгеріс енгізу қажеттіліктен туындағанын көріп отырмыз.
Тағы бір басты өзгеріс ретінде алдымен Кодекстің атауының «іс жүргізу» термині «процестік» болып өзгерді.
Кодекстің бірінші тарауындағы «іс жүргізу заңдары» сөздері «процестік» сөзімен алмастырылған.
Күші жойылған кодекстің 1-тарауындағы азаматтық іс жүргізу заңдарымен реттелетін қатынастар деген 1-бабы алынып тасталып, 2-тарауда азаматтық сот ісін жүргізу қағидаттары деген жеке бап қосылды.
Күші жойылған кодекстің 8-бабындағы «адамның» деген сөзі «тұлғаның» деген терминмен ауысып, ауқымы көбейді.
Сонымен қатар, тұлғаның сотқа талап қою, яғни арыз беруі бойынша құқықтарының шеңбері кеңейтіліп, қағаз арқылы арыз берумен қатар электронды түрде арыз беру тәсілі де заңдастырылды.
Алайда, егер істердің белгілі бір санаты үшін дауды сотқа дейін реттеу тәртібі заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, сотқа жүгіну сотқа дейін реттеу тәртібі сақталғаннан кейін мүмкін болады.
Яғни, жанұяға қатысты барлық дауларды мүмкіндігінше бейбіт, бітімгершілік келісімен, сотқа дейін медиациялық тәртіппен шешуді көздеді. Жалпы азаматтық процесстердің көбейуі ол азаматтардың арасындағы құқықтық талаптардың артуынан азаматтық талаптар көбеюуінен болып отыр.
Азаматтық процесстік кодексіндегі жаңа кірген өзгерістерде азаматтық істер жүргізу міндеттері қосымша толық және уақтылы істерді қараумен толықтырылғанын жоғарыда тілге тиек етіп кеттік.
Тараптардың жарыспалылық пен тең құқықтылық қағидаларына жаңа мазмұндама берілді.
Бұрынғы Азаматтық іс жүргізу кодексінде түскен талап арыз бойынша азаматтық істі қарау кезінде сот өзі дәлелдемелерді өзі жинамай алмайтын, тек тараптардың өтінішімен ғана дәлелдемелер сұратты. Ал өзгеріс енгізілген азаматтық процесстік өзгерістер бойынша сот өз тарапынан азаматтық істі қарау кезінде өз бастамасымен дәлелдемелерді сұрай алады. Соттардың рөлі өз бастамасымен сот тапсырмаларын жібере алады, дәлелдемелерді алдыра алады. Бір сөзбен айтқанда, істі қарау кезінде судьяларға барлық өкілдік берілді.
Сондай-ақ заман өзгерді, азаматтық істер 2010 жылдан 2017 жылдарға дейін 500-1000 істерге дейін өскенін тәжірибе көрсетті. Осы істер санын азайту мақсатында татуластыру институын енгізу маңызды болды. Яғни заңнамаға өзгеріс енгізу арқылы медиациялық тәртіппен және бітімгершілік келісіммен істі шешу мәселесі қолға алынып, медияциямен шешу уақыты 5 күннен 10 күнге дейін ұзартылды. Бұл – жаңа кодекстің басты өзгешілігі.
Бүгінгі таңда аталған институтын өз нәтижесін беруде. Барлық деңгейдегі соттарда судьялар дауларды көбінесе медиациялық тәрітппен немесе бітімгершілік келісіммен шешуге белсенді ат салысуда. Сонымен қатар құқықтық қызмет көрсету институты топтар саны көбейді.Қоғамның құқықтық сауаттылығы біртіндеп артып келеді.
Осындай жұмыстар нәтижесінде заңға кірген өзгерістер қоғамның сотқа деген сенімін арттыруға септігін тигізді.
Жаңа заңнама бойынша мобильдік жүйе арқылы сот процессін өткізу, тараптар аудио жазбаны қолдарына ала алады. Тараптар уақтылы бірнеше рет мобильдік телефонға қосылмаған жағдайда сот тарапы істерді қарауға көше береді. Бірақ оның да салдары болуы мүмкін, себебі, адамдардың барлығында замануи талапқа сәйкес техникалары бола бермеуі мүмкін немесе телефон соғып жатқанда қалай қосылуын да білмейтін тараптар болып жатады. Бұндай кедергілерді болашақта жою жолдарын қарастырған жөн.
Жаңа заң жаңа салиқалы қоғам қалыптасуына септігін тигізсін!
Айгерім Масалимова
Сарыарқа аудандық сотының
бас маманы - сот отырысының хатшысы
[xfvalue_img]
21 пікір