Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Сот жүйесінің әділеттілікке бағытталып, сот істерін жүргізуді барынша ашық ету, соттардағы ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі құрылған болатын.Сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жоюға бағытталған, жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру және алдын алу шараларын күшейту қажеттігін түсіне отырып, елде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы сот жүйесінің рөлі аса маңызды.
Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа деген берік иммунитет, оған деген жұртшылықтың міні болмай, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.
Туындаған сыбайлас жемқорлық фактілері азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырған кездегі құқықтық сауаттылық әлсіздігінің салдары болып табылады. Осы орайда, қоғамдағы құқықтық нигилизмнің түбегейлі жойылуына қол жеткізу қажет. Бұл ахуалды түзеу үшін судьялар мен сот қызметкерлері арасында кең ауқымды түсіндіру жұмысы, олардың құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі жүйелі әрі тынымсыз жұмыс жүргізілуі керек.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында сот корпусы қол жеткізген жетістіктер де аз емес. Соның ең бастысы, қазақстандықтардың сотқа жүгінуге деген сұраныстарының тұрақты түрде қарқын алып отырғанына қарамастан, республика соттары сот төрелігін жүзеге асыруда құқық үстемдігін кәсіби лайықты деңгейде сақтауды қамтамасыз етіп келеді. Сот жүйесіне деген сенімді арттыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ісінде оның рөлін күшейтуге ерекше көңіл бөлінуде. Судьялар корпусын қалыптастыру тетігін жетілдіру, электрондық сот ісін жүргізуді дамыту, оның ашықтығы мен қолжетімділік деңгейін арттыру жөнінде шаралар қабылданды.
Сот қызметкерлерінің іс бойынша қатысушылармен процесстік емес қатынасқа түсуін болдырмау мақсатында сот ғимараттары толығымен бейнекамералармен жабдықталған.
Жер-жерде ақпаратқа колжетімділік кеңейтілді, оған электрондық үкіметті, сондай-ақ мемлекеттік және жекеше құрылымдардың интернет-ресурстарын қалыптастыру жөніндегі шаралар ықпал етті.
Азаматтардың сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кедергісіз ақпарат алуы, оның ішінде мемлекеттік органдардың сенім телефондары мен веб-сайттары арқылы кедергісіз ақпарат алуы үшін жағдайлар жасалды. Сот залдары толығымен аудио-видео жазбаларымен қамтамасыз етілген. Ақпараттық технологияларды сот отырысында қолдану судьялар мен азаматтардың іс-әрекетін тәртіпке келтіретіні маңызды орын алуда.
Соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған барлық шаралар жүйесі сот ісін жүргізуді оңайлату, оның жеделдігін арттыру, соттардың қызметін автоматтандыру сот төрелігіне еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сот жүйесі қызметінің ашықтығын арттыруға, азаматтардың сенімінің артуына, сот мәртебесінің өсуіне әкелуі тиіс.
Қоғамымызға жабысқан бұл дертпен күресу негізінен жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Ақмола гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі Н.Қайратқызы.
[xfvalue_img]