Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әрбір азаматтың парызы

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әрбір азаматтың парызы

Біз жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл жолда жетістіктеріміз де аз емес Қоғамға зор қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып отыр.  Ал шешімі күрделі мәселелер де бар. Ол-әлеуметтік мәселе. Бұл салада қоғам өмірінде түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселе, ол-жемқорлық.

Сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жоюға бағытталған,  жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру және алдын алу шараларын күшейту қажеттігін түсіне отырып, елде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы сот жүйесінің рөлі аса маңызды. 

Сот жүйесінің әділеттілікке бағытталып, сот істерін жүргізуді барынша ашық ету, соттардағы ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі құрылған болатын.

Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа деген берік иммунитет, оған деген жұртшылықтың міні болмай, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.

Туындаған сыбайлас жемқорлық фактілері азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырған кездегі құқықтық сауаттылық әлсіздігінің салдары болып табылады. Осы орайда, қоғамдағы құқықтық нигилизмнің түбегейлі жойылуына қол жеткізу қажет. Бұл ахуалды түзеу үшін судьялар мен сот қызметкерлері арасында кең ауқымды түсіндіру жұмысы, олардың құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі жүйелі әрі тынымсыз жұмыс жүргізілуі керек.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында сот корпусы қол жеткізген жетістіктер де аз емес. Соның ең бастысы, қазақстандықтардың сотқа жүгінуге деген сұраныстарының тұрақты түрде қарқын алып отырғанына қарамастан, республика соттары сот төрелігін жүзеге асыруда құқық үстемдігін кәсіби лайықты деңгейде сақтауды қамтамасыз етіп келеді. Сот жүйесіне деген сенімді арттыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ісінде оның рөлін күшейтуге ерекше көңіл бөлінуде. Судьялар корпусын қалыптастыру тетігін жетілдіру, электрондық сот ісін жүргізуді дамыту, оның ашықтығы мен қолжетімділік деңгейін арттыру жөнінде шаралар қабылданды.

Сот қызметкерлерінің іс бойынша қатысушылармен процесстік емес қатынасқа түсуін болдырмау мақсатында Әскери сотта орналасқан сот ғимараттары толығымен бейнекамералармен жабдықталған.

Жер-жерде ақпаратқа колжетімділік кеңейтілді, оған электрондық үкіметті, сондай-ақ мемлекеттік және жекеше құрылымдардың интернет-ресурстарын қалыптастыру жөніндегі шаралар ықпал етті.

Азаматтардың сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кедергісіз ақпарат алуы, оның ішінде мемлекеттік органдардың сенім телефондары мен веб-сайттары арқылы кедергісіз ақпарат алуы үшін жағдайлар жасалды.

Бүгінгі күнге сот залдары толығымен аудио-видео жазбаларымен қамтамасыз етілген. Ақпараттық технологияларды сот отырысында қолдану судьялар мен азаматтардың іс-әрекетін тәртіпке келтіретіні маңызды орын алуда.

Соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған барлық шаралар жүйесі сот ісін жүргізуді оңайлату, оның жеделдігін арттыру, соттардың қызметін автоматтандыру сот төрелігіне еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сот жүйесі қызметінің ашықтығын арттыруға, азаматтардың сенімінің артуына, сот мәртебесінің өсуіне әкелуі тиіс.

Қоғамымызға жабысқан бұл дертпен күресу негізінен жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс

 

                                                                       Р.Баймаханбетов

Ақмола гарнизоны әскери сотының Бас маманы сот отырысының хатшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.