Гендерлік деген не?
Гендерлік саясаттың негізгі қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдің берілген әйелдер мен ерлердің тең құқығы мен еркіндігін белгілейді.
Гендерлік саясат туралы қоғамда сан түрлі пікірлер бар. Біреу мақтап, біреу даттап жатады. Біздің халқымыз ер- азаматты шаңырақ иесі десе, әйел ананы отбасының алтын қазығы деп бағалаған. Бұрын «әйел теңдігі» ұғымы мәселе болса, бүгінгі күні ол «гендерлік теңдік» деген үлкен саясатқа ұласып, мемлекет басшысының қолдауымен осы гендерлік теңдік аясында «Тұрмыстық зорлық- зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң қабылданды. Бұған қоса бұл стратегияны жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы және гендерлік саясат жөніндегі комиссиясы жемісті жұмыс атқарып келеді. Мұның өзі қоғамдағы барлық әйелдердің қорғансыз қалмайтындығының белгісі.
Қазақстан әйелдерінің арасында мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мен ұжымдарды тап-тұйнақтай етіп басқарып жүрген қыз-келіншектер аз емес. Әйелдер тек тұрмыста ғана емес, әлеуметтік салаға, қоғамдық өндіріс пен ғылым, әдебиет, өнер, спортқа да барынша үлестерін қосып, еншілерін алуда. Олар үйде берекелі ана, сүйікті жар болса, саясат пен билікте абыройлы басшы, шебер маман. Бүгінгі күннің тың, өзгеше үрдісі қазақ әйеліне мүлде бөлекше, жаңа заманауи талаптар мен жауапкершіліктер жүктеп отыр.
Бүгінгі күні әйелдер қоғамымыздың барлық салаларында да, белсенділік танытуда. Олар қандай қызмет атқарса да, аналық құқығын гүлдендіре отырып, үлкен жауапкершілік пен сенімділіктің, жоғарғы кәсибиліктің үлгісін көрсетіп, уақыт көшінен қалмай, болашаққа деген сенімнің зор ұйытқысы болуды.
Г.Ж.Торжимбаева
Ақтөбе гарнизоны әскери сотының
бас маманы-сот мәжілісінің хатшысы
[xfvalue_img]