Судьялардың мінез-құлық Кодексі және сот этикасы
Судья – сот жүйесінде сот органының құрамына сайланған немесе тағайындалған лауазымды адам, сот билігін атқарушы тұлға. Судьяға қойылған этикалық талаптар 1996 жылғы 19 желтоқсанда Судьялардың І Съезінде қабылданған. 2001 жылдың 06 маусымында Судьялардың ІІІ Съезінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Бұл Заң емес, бірақ ол судьяға бағытталған нормативтік талаптардың жиынтығы және Кодекстің моральдық нормалары мен ережелерін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке дейін жауапкершілікті қарастырады.
Заңдылық бұл халықаралық қоғамдастыққа қатысу және мемлекеттің экономикалық дамуына қол жеткізу үшін қажетті тиісті мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаты. Заңдылықты сақтау үшін тәуелсіз, білікті және жоғары этикалық қағидаттарды ұстанатын судьялар мен сот қызметкерлерінен тұратын тиімді сот жүйесі қажет.
Біздің елдің Конституциясы сот билігінің тәуелсіздігін қамтамассыз етеді және мемлекет соттардың дамуына заңдар мен актілерді қабылдай отырып, сот институтын жетілдіреді.
Сот қоғамдастығы қызметінің нәтижелерін бағалау судья әдебі жөніндегі комиссияның жұмыс жоспарында, судьялардың тәртіптік жауаптылығы мәселелерінде, судьяларды оқыту және материалдар жариялау жоспарында, модераторлық жобасында оң нәтижелерді көрсетеді.
Қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
әскери сотының бас маманы А.Ногербекова
[xfvalue_img]
14 пікір