Елордада жас отбасыларына арналған тегін онлайн тренингтер өткізілуде
Статистикалық мәліметтерге сәйкес соңғы жылдары неке бұзу процестері санының арту үрдісі байқалады.
2019-2020 жылдары тек елордалық соттарға неке бұзу туралы 12 084 іс келіп түскен. Олардың ішінде 6665 ерлі-зайыпты жұптар сот шешімімен некелерін бұзған. 923 жұп татуласып, отбасын сақтап қалған. 2021 жылғы бірінші тоқсанда соттарда 1090 неке бұзу ісі қаралған. 785 жұп отбасын бұзып, 57 жұп бітімге келді.
Нұр-Сұлтан қаласының неке-отбасылық қатынастардан туындайтын дауларды қарайтын соттары тек істі мәні бойынша қараумен шектелмейтінін атап өту қажет. Татуластырушы судьялар отбасылық дағдарыстан шығу, отбасын сақтап қалу, тараптардың бір бітімге келуіне ықпал етеді. Ерлі-зайыптыларға отбасы істеріне мамандандырылған адвокат, психологтардың тегін кеңесін алуға мүмкіндік беріледі.
Одан бөлек, бүгінгі күні жастар арасында отбасылық құндылықтарды және отбасы институтын нығайтуға бағытталған әлеуметтік жоба жұмыс жасайды.
Жоба аясында жас отбасыларға отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға және неке бұзудың алдын-алуға бағытталған онлайн/оффлайн тегін кеңестер (психолог, коуч, медиатор) «Instagram»-дағы ресми арна арқылы жүргізіледі.
Сондай-ақ, «En baqytty el» қоғамдық қоры жас отбасыларына, АХАТ, соттардың қызметкерлеріне, психолог және өзге де мамандарға арналған отбасылық-неке қатынастарының мәселелері бойынша тегін оқыту семинарлар, тренингтер өткізеді.
Қосымша ақпарат:
https://instagram.com/en_baqytty_el?igshid=cheehvrvg1xj
https://m.facebook.com/enbaqyttyel/?ref=bookmarks&mt_nav=0
Нұр-Сұлтан қаласыныі соты ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы
Ботагөз Баянова
[xfvalue_img]