Батыс Қазақстан облысының «Отбасылық соттары» 431 отбасын сақтап қалды
«Отбасылық сот» пилоттық жобасын жүзеге асыру аясында судьялар неке-отбасы қатынастарынан туындайтын істерді қараған кезде, істі тек мәні бойынша қараумен шектіліп қана қоймай, тараптарды бір-бірімен татуластырып, отбасыны сақтап қалуға тырысады.
Осылайша, 1 842 неке бұзу ісінің ішінде 431 іс бойынша тараптар арасындағы дауды медиация тәртібінде реттеу бойынша келісім жасалды.
Ювеналдық соттың судьялары медиация тәртібінде балалардың тұрғылықты орнын белгілеу туралы 32 дауды, баламен араласып тұру тәртібін белгілеу туралы 15 дауды медиация тәртібінде реттеді.
Соттардың қызметі «Отбасылық сот» жобасы аясында дауларды сотқа дейін реттеуге бағытталған. Судьялар отбасылық-некелік қарым-қатынастардан туындайтын істерді қарау кезінде дауды мәні бойынша шешумен шектеліп қана қоймай, отбасыны сақтау жөнінде шаралар қабылдайды.
«Отбасылық соттардың» арқасында облыстағы 431 отбасы сақталып қалды.
Олеся Ташимова
Батыс Қазақстан облысы
[xfvalue_img]
39 пікір