БҚО бойынша Соттар әкімшісінің басшысымен БҚО бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасымен бірлескен семинар өткізілді.
Батыс Қазақстан облыстық сотының ғимаратында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасының қызметкерлерімен 2021 жылғы 18 ақпандағы жүргізілген мониторинг бойынша бірінші сатыдағы соттардың әкімшілік және азаматтық істерді қарау жөніндегі есептерінің толықтығы мен дұрыстығын тексеру нәтижелері бойынша бірлескен семинар өткізілді.
Семинар жұмысына БҚО бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Нұрлан Қажғанов, БҚО бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Олжас Қадесов, Соттар әкімшісінің талдау және жоспарлау бөлімінің басшысы Берік Басырбаев, аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері және БҚО бойынша ҚСжАЕКБ бөлім басшысы Ерлан Жұмағұлов, бөлім прокуроры Салиха Құрбанбаева, сондай-ақ сот мамандары қатысты.
Семинар барысында «Істерді қараудағы бірінші сатыдағы соттардың жұмысы туралы есеп» туралы жүргізілген мониторинг бойынша талқылау жасалды.
2021 жылғы 18 ақпандағы жүргізілген мониторинг бойынша аудандық және оған теңестірілген соттармен жіберілген қателіктер туралы талдау және жоспарлау бөлімінің басшысы Берік Басырбаев баяндама жасады.
БҚО бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Н.Қажғанов семинарға қатысушылардың назарына ақпараттық есепке алу құжаттарын жүргізу, 2020 жылы статистикалық деректердің жинақталуын қамтамасыз ету "Төрелік" АЖ жүйесі бойынша және статистикалық есептілік туралы қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтті.
Өз кезегінде, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті басқармасының өкілдеріне үлкен жүктемедегі соттарға, яғни Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты, мамандандырылған ауданаралық экономикалық және Орал қаласының №2 сотында деректер базасын орнату туралы ұсыныс білдірді.
Семинар соңында қатысушылар есептерді тапсыру талабы бойынша пікір алмасты.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]