БҚО бойынша Соттар әкімшісінің басшысы БҚО бойынша ҚСжАЕКБ мамандарымен бірлескен семинар өткізілді

БҚО бойынша Соттар әкімшісінің басшысы БҚО бойынша ҚСжАЕКБ мамандарымен бірлескен семинар өткізілді

Батыс Қазақстан облыстық сотының ғимаратында ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасының қызметкерлерімен 2019 жылы бірінші сатыдағы және апелляциялық сатыдағы соттардың қылмыстық, азаматтық істерді қарау жөніндегі есептерінің толықтығы мен дұрыстығын тексеру нәтижелері бойынша бірлескен семинар өткізілді.

Семинар жұмысына БҚО бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Нұрлан Қажғанов, Соттар әкімшісінің талдау және жоспарлау бөлімінің басшысы Берік Басырбаев, облыстық сот кеңсесінің меңгерушісі Эльвира Темірниязова, қалалық соттардың кеңсе меңгерушілері және БҚО бойынша ҚСжАЕКБ мамандары, сондай-ақ сот мамандары қатысты.

         Семинар барысында «Істерді қараудағы бірінші сатыдағы соттардың жұмысы туралы», «Апелляциялық сатыдағы істерді қарау туралы есеп» мәліметтерінің мониторингі бойынша ұсыныстар жасалды.

Аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілерінің жұмыс көрсеткіштері туралы талдау және жоспарлау бөлімінің мамандары Айнагүл Құсанова, Фарида Жұмағалиева баяндама жасады. Олар ҚСжАЕКБ және Жоғарғы Соттың қылмыстық және азаматтық істер жөніндегі ахуал орталығына мәліметтер мен материалдардың дұрыс толтырылуы туралы және статистикалық есептерді қалыптастыру туралы аналитикалық ақпараттар мен материалдармен бөлісті.

БҚО бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Н.Қажғанов семинарға қатысушылардың назарына ақпараттық есепке алу құжаттарын жүргізу,               2019 жылы статистикалық деректердің жинақталуын қамтамасыз ету "Төрелік" АЖ жүйесі бойынша және статистикалық есептілік туралы қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылатының атап өтті.

Өз кезегінде басқарма мамандары бүгінгі таңда электрондық ақпараттық есепке алу құжаттары "Төрелік" АЖ- дан "ББСЖ"ААЖ- не онлайн-режимде берілгенін атап өтті. Комитет алған деректер негізінде ББСЖ ААЖ істерді соттарда қарау туралы статистикалық есептер бойынша бөлімдер қалыптастырылады.

Семинар соңында қатысушылар есептерді тапсыру талабы бойынша пікір алмасты.

                                                            

 

Бибігүл Усағазиева               

БҚО Соттар әкімшісінің ақпараттық қамтамасыз ету  бөлімінің бас маманы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.