БҰҰ Қазақстанның бітімгершілік қызметін жоғары бағалайды

БҰҰ Қазақстанның бітімгершілік қызметін жоғары бағалайды

Бүгін Қазақстан мен Орталық Азия аумағында алғаш рет өткізіліп отырған бітімгершілік технологияларындағы әріптестік жөніндегі БҰҰ симпозиумының шеңберінде Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде сыртқы саяси ведомствоның басшысы Бейбіт Атамқұловтың БҰҰ Бас хатшысының жедел қолдау және бітімгершілік операциялары жөніндегі орынбасарлары Атул Харе және Жан-Пьер Лакруамен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамаларын, Қазақстанның БҰҰ-мен бітімгершілік саласындағы ынтымақтастығының жай-күйі мен келешегін, атап айтқанда, ҚР-ның БҰҰ бітімгершілік миссияларына қатысуын одан әрі жандандыруға бағытталған бірқатар ұсыныстарды талқылады.

СІМ басшысы Қазақстан ТМД кеңістігіндегі бітімгершілік күштерінің ірі жеткізушісі болып табылатынын атап өтті. 2018 жылы Қазақстан алғаш рет Ливандағы БҰҰ миссиясына (UNIFIL) Үнді-Қазақстандық бітімгершілік батальонының құрамына 120 әскери қызметшіні жіберді.

БҰҰ-ның жоғары лауазымды өкілдері Қазақстанның БҰҰ қамқорлығымен бітімгершілік операцияларына қатысуына жоғары баға берді және бітімгершілік қызметтің тиімділігін арттыруға қосқан елеулі үлесін атап өтті. «Ливандағы үндістандық батальонмен бірлескен жұмыс осы саладағы кооперацияның инновациялық нысаны болып табылады. Біз Сіздің еліңізбен ынтымақтастығымызды тереңдеткіміз келеді», - деді Ж. Лакруа.

Жаңа технологияларды пайдалануда мемлекеттер, ұйымдар, кәсіпорындар мен академиялық топтар арасындағы әріптестік арқылы бітімгершілік қызметінің тиімділігін арттыру тақырыбы симпозиумның баяндамалары арқылы қызыл жіппен өтеді, оған БҰҰ Хатшылығының өкілдері және әлемнің 50 елінен 250-ден астам делегат қатысады.

Халықаралық конференция аясында Нұр-сұлтан мен Алматыда (29-31 мамыр) БҰҰ-ның бітімгершілік мақсатында сатып алу жөніндегі отандық өндірушілер үшін семинарлар, сондай-ақ бітімгершілік операцияларға қолданылатын қазақстандық қорғаныс өнімдерінің көрмесі өтеді.

Бұл іс-шараны өткізу шетелдік делегацияларға бітімгершілік қызметінде заманауи технологиялармен танысуға мүмкіндік береді.

Анықтама: Қазақстан үшін бітімгершілік қызметі халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті нығайту жөніндегі елдің саясатындағы маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. 2015 жылғы 15 маусымда «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» Заң қабылданды.

2014 жылдан бастап қазақстандық офицерлер Батыс Сахарадағы және Кот-д'Ивуардағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі БҰҰ миссиясының шеңберінде қызмет атқарды. Сонымен қатар, біздің бітімгерлеріміз, соның ішінде әйелдер Батыс Сахарадағы референдум өткізу жөніндегі миссияға қатысады.

Қазақстандық бітімгерлер Ұлыбритания және АҚШ Қарулы күштерімен бірге «Дала қыраны» тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуларына қатысады.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.