Қазақстан мен Қырғызстан ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталуда

Қазақстан мен Қырғызстан ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталуда

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың Қырғыз Республикасына ресми сапары «Қордай» бақылау-өткізу пунктінің жұмысымен танысудан басталды. Қазақстан тарапы екі ел азаматтарының мемлекеттік шекараны кесіп өтуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға үлкен мән береді.

Қырғыз тарапынан шекарада Қазақстан СІМ басшысын Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбеков қарсы алды. Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екі мемлекет шекара қызметтерінің басшылары Дархан Ділманов және Уларбек Шаршеевпен бірлесіп шекаралық өткелдерде азаматтар мен көлік құралдарын өткізу бойынша ағымдағы жағдайды талқылады.

Министрлердің келіссөздері Қырғызстан астанасында Бішкекте жалғасып, олардың барысында Қазақстан-Қырғызстан қатынастарының кең ауқымды мәселелері қаралды.

Келіссөздердің күн тәртібі өте мазмұнды болды және тараптарға саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың барлық өзекті мәселелерін, сондай-ақ трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану, су-энергетикалық ынтымақтастық, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау шектеулерін алып тастау мәселелерін егжей-тегжейлі талқылауға мүмкіндік берді. Халықаралық күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша ұстанымдардың жақындығы атап өтілді және БҰҰ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, ТМД, Ислам ынтымақтастық ұйымы және басқа да құрылымдар шеңберіндегі өзара тиімді ынтымақтастықтың маңыздылығы атап өтілді.

Қазақстан Қырғызстанды аймақтағы жақсы көрші және маңызды серіктес ретінде ғана емес, бауырлас мемлекет ретінде қарастырады. «Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тарихы, діні, мәдениеті менталитеті бір Қазақстан мен Қырғызстанға Құдайдың өзі бірге болуға, бір-біріне көмектесуге және өңірдің қауіпсіздігін бірге қамтамасыз етуге тапсырған болатын», - деді Б. Атамқұлов.

Біздің елдеріміз арасында қандай да бір саяси келіспеушіліктер жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанмен тату көршілік және сенімді қарым-қатынастарды нығайту саясатын жалғастыруға ниетті, деп қосты Қазақстан СІМ басшысы.

Қырғызстан Сыртқы істер министрі Ч. Айдарбеков Қазақстан СІМ басшысының Қырғызстанға алғашқы ресми сапары екі ел арасындағы достық және одақтастық қарым-қатынастардың айғағы болып табылатынын атап өтті. «Бүгінгі таңда мемлекетаралық байланыстар барлық деңгейде де қарқынды дамып келуде. Біздің мемлекет басшылары жылына бірнеше рет кездеседі. Министрліктер мен ведомстволар көршілес мемлекеттер арасында туындайтын мәселелерді шешеді. Біз екіжақты сипаттағы мәселелерді шешудің бірлескен жолдарын іздеуге дайынбыз», - деді қырғыз министрі.

Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруімен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту үшін үлкен мүмкіндіктер ашылуда. Тараптар өзара саудадағы оң динамиканы қанағаттанушылықпен атап өтті. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы екіжақты сауда айналымының көлемі 2018 жылы 13,1%-ға өсіп, 865,3 млн. АҚШ долларын құрады. Екі мемлекет көшбасшыларымен тауар айналымы көлемін 2020 жылға қарай 1 млрд. АҚШ долларға дейін ұлғайту жөнінде міндет қойылған.

Осы міндетті іске асыру мақсатында қазақстандық компаниялар машина жасау, металлургия, азық-түлік саласы, құрылыс материалдары және химия өнімдері сияқты салаларда экспорт номенклатурасын кеңейтуге дайын. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара сауда мен тікелей байланыстарды дамыту мақсатында Қазақстан-қырғыз іскерлік кеңесінің мүмкіндіктерін барынша іске қосуға уағдаластыққа қол жеткізілді.

Өзекті мәселелерді кешенді шешу бойынша 50 іс-шарадан тұратын екі жақты экономикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша Жол картасын сапалы жүзеге асыруға ерекше назар аудару ұсынылды.

Инвестициялық салада тиімді ынтымақтастық жүзеге асырылуда. Қазақстан Қырғызстанның маңызды инвестициялық серіктестерінің бірі болып табылады. Жалпы 2005 жылдан бастап Қырғызстанға 700 млн. АҚШ доллардан астам инвестиция құйылды. Қазақстан тарапы «Kazakh Invest» және «Kazakh Export» компаниялардың құралдарын белсенді іске қосу инвестициялық-экспорттық ынтымақтастықты кеңейту үшін үлкен перспективалар ашатынын атап өтті.

Еліміз Қырғызстанға қазақстандық KazSat спутниктері арқылы спутниктік байланыс қызметтерін пайдалану және кең ауқымды іс-қимыл аумағының ғарыштық мониторингі мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Келіссөздер барысында сондай-ақ Қырғызстаннан жекелеген азық-түлік тауарларын әкелуге уақытша карантиндік фитосанитарлық және ветеринарлық шектеу шараларын алып тастау мәселелері қозғалды. Қазақстан мен Қырғызстанның құзыретті органдары осы бағытта тығыз бірлескен жұмыс жүргізіп отырғандығы туралы атап өтілді.

Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы 2019 жылы 29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында Еуразиялық экономикалық одақтың мерейтойлық саммиті өтетіндігін хабарлады. Қырғыз тарапы ел Президенті Сооронбай Жээнбековтің осы саммитке қатысуын растады.

Сонымен қатар тараптар халықаралық құрылымдар мен бірлестіктер, атап айтқанда ШЫҰ, Орталық Азиядағы Ядролық қарудан азат аймақ, есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы және Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Шекаралық өкілдердің қызмет ету учаскелері туралы үкіметаралық хаттамаға, сондай-ақ 2019-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.

Сапар аясында Қазақстан делегациясының басшысы Шыңғыс Айтматов атындағы мұражай-үйінде болып, қырғыз жазушысы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Қазақстан мен Қырғызстан көп ғасырлық тарихы бар тығыз гуманитарлық байланыстарды біріктіреді. Бұл бағытта біздің елдеріміз үлкен жұмыс атқаруда. 2018 жылы ұлы жазушының 90 жылдығы кеңінен атап өтілді. Нұр-Сұлтанда Ш. Айтматов атындағы көше ашылды, сондай-ақ оның мерейтойы құрметіне халықаралық форум өткізілген. Қазіргі уақытта Қазақстан елордасында Ш. Айтматов құрметіне ескерткіш орнату жұмыстары жүргізілуде.

 

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

22 пікір

  1. аватар
    Corina 14 июня 2024 18:46

    черный гримуар пентакли приметы про
    торт на день рождения, нужно ли отмечать день рождения?
    гороскоп на 12 апреля 2024 скорпион, гороскоп на 13 апреля 2024 потолок в ванной как проработать юпитер в
    1 доме
    частном доме к чему снятся живые красные
    раки

  2. аватар
    Maxie 6 сентября 2024 11:36

    клиника нейрон актау телефон,
    нейрон актау врачи смотреть прогноз погоды, погода тараз на месяц hi-tech дома, hi
    tech academy стол игровой, стол игровой для пк

    my web blog - тимур токаев
    жена

  3. аватар
    Sanford 13 сентября 2024 09:21

    кафедра атм, кафедра математики казниту әліппе
    оқулығы онлайн, оқулық
    кз 9 сынып ұлттық тағамдар астана туралы
    эссе
    , улттык тагамдар атауы зимние покрышки на велосипед 29 дюймов, слики 29 дюймов

  4. аватар
    Justina 14 сентября 2024 23:38

    қосылу реакциясы деген не, косылу
    реакциясы мен сени суйем текст, мен сені сүйемін скачать
    kaspi id, как зайти в каспи без фото қазақ орфографиясының негізгі ережелері, фонетикалық
    принцип мысалдар

    Feel free to visit my website ... балуан шолақ тәрбие
    сағаты

  5. аватар
    Sherman 18 сентября 2024 22:51

    мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитет, мүгедектердің құқықтарын қорғау туралы заң тағдыр романындағы кейіпкерлерге
    мінездеме, тағдыр романы қысқаша мазмұны менің
    немере ағамның анасы маған мектеп алды даярлық тобының психологиялық диагностикасы, мектеп алды даярлық
    баяндама

    Here is my site; халық саны
    бойынша төмен елдер

  6. аватар
    Rachele 19 сентября 2024 13:12

    just отзывы, швейцарская косметика
    just отзывы как связаться с
    оператором 1414, егов виртуальный ассистент видеозвонок ескі базар атырау, рынок атырау жобаның
    толық қаржыландырылмау тәуекелі,
    жобаны процестерге бөлу

    my web site :: психотерапия мен практикалық психологияның топтық әдістерінің дамуының қысқаша тарихы

  7. аватар
    Stephaine 6 октября 2024 08:37

    каспий маңы ойпаты географиялық орны, каспий
    маңы ойпаты ерекшелігі алғаш рет
    жапонияға жеткен еуропалықтар, жапония
    астанасы скорая помощь 103 актау,
    скорая помощь актау адрес газовая
    колонка комфорт, купить газовую колонку
    теплоросс в алматы

    My web blog мектеп туралы тақпақтар

  8. аватар
    Clarita 16 ноября 2024 20:19

    дипломдық жұмыс тақырыптары биология,
    дипломдық жұмыстар сайты ханы 17 века, казахское ханство в 18 веке қазақстандағы сыбайлас жемқорлық, қазақстандағы сыбайлас жемқорлық статистика среднюю школу №
    25 им дзержинского города алма аты,
    25 гимназия отзывы

    Here is my web blog :: бүгінгі
    дұға картинки

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.