Қазақстан мен Қырғызстан сыртқы істер министрлері стратегиялық әріптестікті нығайтуға келісті

Қазақстан мен Қырғызстан сыртқы істер министрлері стратегиялық әріптестікті нығайтуға келісті

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбековпен келіссөздер өткізді. Ч. Айдарбеков Қырғызстанның СІМ басшысы ретінде Астанаға өзінің алғашқы жұмыс сапарымен келді.

«Біз бауырлас Қырғызстанмен қарым-қатынасқа ерекше мән беріп, оны стратегиялық серіктес әрі жақсы көрші ретінде санаймыз», - деді кездесуде
Қ. Әбдірахманов.

Тараптар өңірлік кооперация, шекаралық серіктестік, су-энергетика саласы, сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелердің кең ауқымы бойынша пікір алмасты.

«Біздің басты мақсатымыз - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков арасындағы Астана және Чолпан-Атада қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру.  Біз президенттердің көптеген тапсырмалары орындалғанына және алдағы жоспарларды жүзеге асыруда тараптардың белсенді өзара іс-қимылы жалғасатындығын қанағаттанушылықпен атап өтеміз», - деді қазақстандық министр. Кездесу барысында өзара сауда-саттық көлемін ұлғайтуға және оның құрылымын әртараптандыруға, экономиканың жаңа секторларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға, соның ішінде «Астана» Халықаралық қаржы орталығын тартуға бағытталған практикалық шараларды жүзеге асыруға өзара тілек білдірілді. Екі елдің бизнес-құрылымдары үшін электрондық сауда, қаржы қызметтері, өңдеу және азық-түлік өнеркәсібі, сондай-ақ цифрлық индустрия сияқты салаларда өзара тиімді ынтымақтастықты ашу бойынша жаңа мүмкіндіктер ашылуда.

Еуразиялық кеңістікте бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға жәрдемдесуге деген ортақ ниет айтылды. Халықаралық саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұқсас ұстанымдарды анықтай отырып, тараптар БҰҰ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесі, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және басқа да көпжақты құрылымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты жандандыру ниетін растады.

«Екі халықтың мәдени-тарихи және тілдік ортақтығы мәдениет, өнер, ғылым, туризм және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін жақсы негіз болып табылады. Біз мәдени алмасуға жан-жақты көмек көрсетіп, осы салаларда байланыстарды қолдаймыз», - деді Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы.

Қазақстандық статистикалық мәліметке сәйкес, 2018 жылдың алғашқы жеті айында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өзара сауда көлемі 18 пайызға өсіп, 486 млн. АҚШ долларын құрады.

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.