Пәкістан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына 33-ші ел болып енді
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсултан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы (АҚИҰ) - (The Islamic Organisation for Food Security – (IOFS)) жүйелі түрде өзінің ауқымын кеңейтуде. Жыл сайын Ұйымға мүше елдердің саны артуда. Осы уақытқа дейін Қазақстан, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Иран, Мысыр, Кувейт, Қатар, Сенегал және тағы басқа мұсылман елдері АҚИҰ Жарлығына қол қойып, мүшелікке өтті.
АҚИҰ Ислам ынтымақтастығы Ұйымының мамандандырылған мекемесі болып табылады. Ол FAO іспеттес аймақтық қор ретінде азық-түлікпен қамтамасыз ету жүйесін дамытады, қызығушылық танытқан мүше елдерде азық-түлік белдеуін құруға атсалысады. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымыштаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан.
Қазақстан әлемдегі ең ірі 10 астық өндіруші және экспорттаушы елдердің қатарына кіреді. Біздің еліміз үшін АҚИҰ экспортты арттыру мен Ислам әлемі елдерінен Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне инвестициялар тартудың қосымша арнасы болып қызмет атқарады. Мүше елдердің өзара тауар айналымы барысында АҚИҰ-дің зор мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қазақстандық ауыл шаруашылық өнімдері экспорттау көлемін ұлғайтуға кедергі келтіретін тасымалдау логистикалық сипаттағы мәселелердің түйіндерін шешуге қол жеткізуге болады. Осылайша, АҚИҰ-ға мүше елдермен жасалатын тығыз қарым-қатынастар қазақстандық ұлттық компаниялар үшін де, жеке бизнес үшін де жаңа мүмкіндіктер туғызады.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
10 пікір