Қазақстан мен Гамбия екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталуда

Қазақстан мен Гамбия екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталуда

АСТАНА, 2018 жылғы 19 қыркүйек - Қазақстан мен Гамбия Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ) сияқты халықаралық және аймақтық құрылымдар арасында тығыз ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталуда. Бұл туралы бүгін Астанада Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келген Гамбия Республикасының Сыртқы істер министрі Мамаду Тангарамен өткен кездесуінде талқыланды.

Келіссөздер барысында екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылап, аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Қазақстан Африка елдері, соның ішінде Гамбиямен екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға үлкен мән беріп отырғаны атап өтілді. «Қазақстан үлкен әлеуетке ие Африкадағы процестерге қызығушылықпен қарап отыр. Біздің еліміз 2013 жылдан бері Африка Одағына байқаушы ел бола отырып, бұл ұйымның өсіп келе жатқан маңыздылығын атап өтеміз. Астана осы ұйыммен тиімді жұмыс байланыстарын орнатуға және оның мүшелерімен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі», - деді Қ. Әбдірахманов.

Гамбияның ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың таратпау, қарусыздану, терроризмге қарсы тұру, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету жөніндегі сыртқы саяси бастамаларына қолдау көрсетуі атап өтілді. Оған қоса, бұл батысафрикалық мемлекет Қазақстанның 2017-2018 жж. арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде кандидатурасын қолдады, сондай-ақ «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысты және ҚР Президентінің бастамасы болып саналатын Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының Жарғысына қол қойып, оны ратификациялады.

ИЫҰ шеңберінде ынтымақтастық мәселелері жеке талқыланды. Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы 2019 жылы Гамбияда өтетін ИЫҰ 14-ші саммитінің ұйымдастырылуын құптайтынын және қазақстандық делегация тиісті деңгейде қатысатындығын мәлімдеді.

Экономикалық саладағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау барысында Қ. Әбдірахманов Қазақстан энергетика, тау-кен өнеркәсібі, инфрақұрылым және туризм салаларындағы екі жақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

 

ҚР Сыртқы істер министрлігінің

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.