БҰҰ Қазақстанның ұсынған Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға бірдей декларациясына сенімді қолдау танытты

БҰҰ Қазақстанның ұсынған Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға бірдей декларациясына сенімді қолдау танытты

БҰҰ Бас Ассамблеясы 73-ші сессиясының Бірінші Комитетінде халықаралық қоғамдастық Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға бірдей декларациясының өзектілігін басым көпшілікпен құптап өтті. Қазақстанның бұл бастамасы алғаш рет 2015 жылғы 7 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған. Осы жолы тиісті қарарға 135 мүше-мемлекет қолдау танытып, 41 мемлекет оған тең автор болды. Бұған дейін, 2015 жылы қарарға 131 мемлекет «оң» дауыс беріп, 35-і тең авторлыққа өтініш білдірген еді.

Үндістан мен Солтүстік Корея сияқты ядролық қаруы бар мемлекеттердің осы жолы қарарға тұжырымды қолдау танытуы ерекше назар аударарлық жағдай болып отыр. Ядролық қарудан азат әлемді құрудың прагматикалық жолын Еуропа елдері арасынан да жақтайтындар саны арта түскен.

Жалпыға бірдей декларацияны қабылдау бастамасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі екені баршаға мәлім. 2015 жылы Мемлекет басшысы халықаралық қоғамдастықты  «ядролық қарусыз әлем құруды адамзаттың ХХІ ғасырдағы басты мақсаты етуге» шақырып, сол жылдың желтоқсан айында бұл бастама жүзеге асырылған болатын.

БҰҰ-ның 70-ші мерейтойлық сессиясында әзірленіп қабылданған Ядролық қарудан азат әлем құру жөніндегі жалпыға бірдей декларация:

- Ядролық қаруды қолданудан немесе оны қолдану қаупінен сақтайтын бірден бір абсолюттік кепілдік ретінде ядролық қаруды түбегейлі жоюға;

- Ядролық қаруды түбегейлі жоюды көздейтін көпжақты және заңдық күші бар құжат қабылдауға;

- Ядролық қаруды жетілдірудегі және техникалық қызмет көрсетудегі жұмыстарда қолданылатын адами және экономикалық ресурстарды қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайтуға, тұрақты дамуға және миллиондаған адамдарды жоқшылықтан сақтауға бағыттауға;

- Ядролық қарудың кез келген қолданысының гуманитарлық апатты нәтижелерге әкеліп соғатынын ескерте отырып, халықаралық құқық, сондай-ақ, халықаралық гуманитарлық құқық ережелерін сақтауға шақырады.

Әлемдегі қазіргі күрделі геосаяси жағдайда жалпыға бірдей декларацияның мақсаттары мен міндеттері күннен күнге өзектірек әрі жоғары сұранысқа ие бола түсуде. Ал, онда бекітілген ядролық қарусызданудың әмбебап қағидаттары мен міндеттемелері қауіпсіз әлемнің болашағына қатысты алуан түрлі көқарастарды байланыстырушы көпір бола алады.

Жаңартылған қарар ядролық қарусыздану саласындағы соңғы оқиғаларды, соның ішінде 2017 жылғы шілде айындағы Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың қабылдануын қамтиды. Қазақстан аталған шартты әзірлеуге және қабылдауға белсенді қатысқаны белгілі.

Жалпыға бірдей декларацияның негізгі ережелері мен идеялары, сонымен қатар, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың антиядролық бастамалары Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартында көрініс тауып, қазақстандық қарарда аталып өткен БҰҰ Бас Хатшысы Антониу Гутерриштің осы бір жаһандық проблема бойынша тұжырымдамалық көзқарасымен толығымен үйлесіп отыр.

Ядролық қаруға бақылау орнату және қарусыздану саласындағы диалогты жалғастыру, өзара сенім мен ядролық қаруды жою проблемалары бойынша ортақ түсіністікті қалыптастыру – осы амал-тәсілдердің бәрі БҰҰ-ға мүше мемлекеттер арасында кең қолдауға ие болып, ядролық қарудан азат әлем құру бағытында одан әрі ілгерілеуге тиісті үлесін қосады деген сенім нығаю үстінде.

Қазақстандық қарардың Бірінші Комитет отырысында сәтті қабылдануы ядролық қарусызданудың жаһандық үдерісіне, бейбітшілк пен халықаралық қауіпсіздікке қосып жатқан Қазақстанның үлесін айшықтап, еліміздің ядролық қарудан азат әлем құру ісіне беріктігімізді негіздеп өтті.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.