АТОМ Жобасына арналған марка айналымға енгізілді

АТОМ Жобасына арналған марка айналымға енгізілді

АСТАНА, 2018 жылғы 28 тамыз – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы – АТОМ Жобасына (Сынақтарды жою – біздің миссиямыз) арналған пошталық марканы өшірудің салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, «Қазпошта» АҚ әкімшілік мәселелер жөніндегі Басқарушы директоры Бауыржан Айнабеков, сондай-ақ АТОМ Жобасының Құрметті елшісі Кәріпбек Күйіков қатысты. «АТОМ Жобасы Қазақстан Республикасының Президент Н.Ә. Назарбаевтың жаһандық ядролық қарусыздандыру және қоғамдық дипломатия саласындағы маңызды бастамасы болып табылады. Бастама Астана қ. 2012 ж. 29 тамыздағы БҰҰ Ядролық сынақтарға қатысты іс-қимылдардың Халықаралық күнінде «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – бейбітшілікке, ядролық қарудан еркіндікке» атты халықаралық конференциясында Елбасымен айтылған болатын», - деп, Р.Василенко атап өтті.

Сонымен қатар, Министрдің орынбасары еліміз шетелдік серіктестермен ынтымақтастықта, осы күнге арналған ірі халықаралық іс-шараларды жыл сайынғы негізде өткізетінін баяндады. 29 тамыздан бастап
1 қыркүйекке дейін Астанада Қазақстанның Сыртқы істер министрі мен саяси және қоғамдық-сарапшылық топтардың көрнекті шетелдік өкілдерінің қатысуымен Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы Шартты ұйымдастырудың (ЯСЖТШҰ) төрт күндік конференциясы өтеді. Ал 6 қыркүйек күні Нью-Йоркте осы тақырыпқа арналған БҰҰ Бас Ассамблеясының ресми отырысы өтеді.

Өз кезегінде, К. Күйіков АТОМ Жобасының мақсаты бар әлем бойынша ядролық қару сынақтарын түпкілікті тоқтатуға және, ақыр соңында, әлемді ядролық қарудан босатуға күресінде адамдарды біріктіру жолымен шынайы, тұрақты өзгерістерге қол жеткізу болып табылатынын атап өтті.

«АТОМ Жобасының сайтында ядросыз әлемді құру туралы ел көшбасшыларына талабы бар петиция орналастырылды. Бүгінгі күні қол қоюшылардың саны әлемнің 100 елінен 312 мыңнан астам адамды құрайды. Біздің бүгінгі мақсатымыз 1 миллион қол жинау.  Егер сіздер бізге әлі де қосылмаған болсаңыз, онда сіздер оны кез-келген уақытта жасай аласыз. Әрбір ниет білдірген адам Жобаның www.theatomproject.org сайтындағы петицияға қол қоя алады және сол арқылы ядролық қарусыз әлемді құруға өз үлесін қоса алады», – деп әйгілі сүретші және белсенді атап өтті.

АТОМ Жобасының «Жер бетіндегі өмір үшін» сериясынан пошталық маркасы 4 бояудағы он маркадан құралған маркалық парақ формасында, офсеттік баспада орындалған. Перфорациясы ирек тәрізді, тиражы – 20 000 дана.

 

ҚР Сыртқы істер министрлігінің

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.