ЭКСПО-2017 мұрасы Астанадағы дипломатиялық корпусқа ұсынылды
«ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі инфрақұрылымы базасындағы жаңа институттар жұмысының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде ұсынылды. «ЭКСПО-2017 мұрасы» презентациясына дипломатиялық корпустың және Қазақстанда аккредиттелген халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің басшылары қатысты.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» инфрақұрылымы объектілерінің одан кейінгі дамуына, ең алдымен, «Астана» Халықаралық қаржы орталығын (АХҚО), «Болашақ энергиясы» Халықаралық орталығын және IT-стартаптардың Халықаралық паркін іске қосуға ерекше көңіл бөледі, деп өз баяндамасында Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов атап өтті. Осыған байланысты шетелдік ресми және іскерлік топтармен ынтымақтастық орнатудың едәуір әлеуеті бар. ҚР СІМ үшін «ЭКСПО-2017» мұрасын дамыту экономикалық дипломатияның алға жылжуындағы маңызды басымдық болып табылатынын Министр атап өтті.
Сонымен қатар презентацияда Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетов пен Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты Өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел сөз сөйледі.
«Астана» Халықаралық қаржы орталығы Орталық Азия, Еуразиялық Экономикалық Одақ, Кавказ, Батыс Қытай, Монғолия және Шығыс Еуропа үшін қаржы хабы болуды көздейді. АХҚО дерегі бойынша, Орталық бес негізгі бағытты дамытуға ниетті: капитал нарығы, әл-ауқатты басқару, жеке банкинг, исламдық қаржыландыру және қаржы технологиялары. Озық құқықтық жүйе, тәуелсіз реттеу, биржалық инфрақұрылым, Ұлттық әл-ауқат қорының активтерін басқаруға арналған қолжетімділік, «жасыл» қаржыландыру, сондай-ақ жұмысқа арналған ең жақсы жағдайлар жасау Орталық табысының компоненттері болады.
«Болашақ энергиясы» атты «жасыл» технологияларды және инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі Халықаралық орталық жаңғырылатын энергия көздері, экологиялық таза технологиялар және тұрақты даму секілді салаларды дамытуда қажетті, тұрақты негізді қалыптастыруда қолдау көрсету, сондай-ақ «Жасыл көпір» Серіктестік бағдарламасы шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты нығайту арқылы «жасыл экономикаға» көшудің практикалық іске асырылуына жәрдемдеседі. Халықаралық орталықты құру бастамасын Қазақстан Президенті Н. Назарбаевпен алғаш рет 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында айтты.
IT-стартаптарды дамыту паркін құру әлемдік сауданың, қызметтердің және деректермен алмасудың маңызды қозғаушы күші болған ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытудың маңызды қадамы болып табылады. Астаналық парк оның қатысушыларына арналған, салықтық жеңілдіктер, дамыған инфрақұрылым, қолжетімді жалға алу, қолайлы құқықтық және визалық режим, қаржыландыруға қолжетімділік және басқалары сияқты артықшылықтар қатарына ие болады.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
баспасөз парақшасы
[xfvalue_img]
7 пікір