KOWEPO және Acwa Орталық Азиядағы «жасыл» энергияға инвестиция салу перспективаларын бағалайды

KOWEPO және Acwa Орталық Азиядағы «жасыл» энергияға инвестиция салу перспективаларын бағалайды

Тараптар ЖЭК және энергия жинақтау жүйелері саласындағы жобаларды іске асыру перспективаларын, сондай-ақ Корея тарапынан қаржы тарту мүмкіндігін бірлесіп бағалауды көздеп отыр.

Ташкент, Өзбекстан, 26 тамыз 2026 жыл: Сауд Арабиясы қор биржасында тіркелген Acwa компаниясы жаңғырмалы энергетика нарығындағы әлеуетті мүмкіндіктерді зерттеу үшін Korea Western Power Co., Ltd. (KOWEPO) компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандум жасасты. Өзбекстан бағаланатын алғашқы ел атанады. Әрі қарай KOWEPO бүкіл аймақтағы жаңа «жасыл» энергия жобаларын іздеуді қарастырады. 

Меморандумға 2026 жылдың 25 тамызында Ташкентте қол қойылды. Ол ЖЭК жобалары, энергия жинақтау жүйелері және сонымен байланысты инфрақұрылым саласындағы тараптар арасындағы әлеуетті ынтымақтастықты бағалауға негіз болады. Қол қою рәсіміне Acwa компаниясының Орталық Азия бойынша президенті Абид Малик және KOWEPO компаниясының бас директоры Ли Джун Бок қатысты. 

«Бұл ынтымақтастық ЖЭК және сонымен байланысты инфрақұрылым саласындағы мүмкіндіктерді зерттеу үшін платформа құрайды. Біз сондай-ақ Кореяның қаржы институттарын тарту және Өзбекстандағы энергетикалық көшуді қолдау үшін бірлесіп жұмыс істеуді асыға күтеміз», деп Acwa компаниясының Орталық Азия бойынша президенті Абид Малик атап өтті. 

KOWEPO-мен ынтымақтастық Оңтүстік Кореяның энергетикалық жүйесін жаңғыртудағы тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді. Кореядағы «жасыл» көшудегі негізгі ойыншы ретінде компания қазба отынды біртіндеп ЖЭК-мен алмастыруда практикалық тәжірибеге ие. 

«Acwa компаниясымен жасалған меморандум —ЖЭК нарығындағы мүмкіндіктерді зерттеудегі маңызды қадам. Біз осы ынтымақтастықтың болашағын бағалауды, мықты жақтарымыз бен тәжірибемізді пайдалануды көздеп отырмыз. Таяу Шығыстағы бизнес тәжірибемізге және әлемге әйгілі компаниялармен серіктестігімізге сүйене отырып, жаңа өсу мүмкіндіктерін іздеуді үздіксіз жалғастыра береміз», — деп KOWEPO компаниясының бас директоры Ли Джун Бок мәлімдеді. 

KOWEPO Таяу Шығыста төрт энергетикалық жобаны жүзеге асырды, атап айтқанда қуаты 3,5 ГВт құрайтын ЖЭК және 877 МВт құрайтын бу-газды қондырғыларын салып, пайдаланып жатыр. 

Acwa компаниясы туралы

Acwa — Сауд Арабиясында тіркелген компания, әлемдегі ең ірі жекеменшік су тұщыландыру операторы, «жасыл» сутегі саласына алғаш жол салушы және жаһандық энергетикалық көшудегі көшбасшы. Acwa Таяу Шығыс, Африка, Орталық Азия және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы 16 елде жұмыс істейді.

2026 жылдың шілдесіндегі жағдай бойынша Acwa қоржынында пайдалану, белсенді игеру және құрылыс сатысындағы 111 актив бар. Бұл компания басқаруындағы 127 млрд АҚШ долларына тең активтерді, сонымен қатар 98,2 ГВт электр энергиясын (оның ішінде 52,3 ГВт ЖЭК-не тиесілі) өндіру қуатын және тәулігіне 9,7 млн м³  суды тұщыландыру қуатын құрайды.

KOWEPO компаниясы туралы

KOWEPO (Korea Western Power) — Корея Республикасының мемлекеттік энергетикалық компаниясы, 2001 жылы елдің энергетикалық секторын қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған. Компания электр энергиясын өндіруге, энергетикалық инфрақұрылымға және халықаралық ынтымақтастыққа маманданған.

KOWEPO қызметінің негізгі бағыттарының бірі — энергетикалық көшу. Компания күн және жел энергиясы, отын элементтері, сутегі технологиялары және басқа да таза энергетика бағыттарында түрлі жобаларды жүзеге асырады.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.