eGov Business қосымшасында ЖК-ны жабу бойынша онлайн-қызмет іске қосылды

eGov Business қосымшасында ЖК-ны жабу бойынша онлайн-қызмет іске қосылды

eGov Business мобильді қосымшасында «Жеке кәсіпкердің қызметін тоқтату» жаңа мемлекеттік қызметі қолжетімді болды. Сервис кәсіпкерлерге ЖК жабу рәсімін өтініш беру кезеңінде мемлекеттік органдарға бармай-ақ, толық онлайн форматта тапсыруға мүмкіндік береді.

Қызмет eGov Business қосымшасында авторизациядан өткен жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғаларға қолжетімді. Жаңа сервис өтініш беру процесін толық цифрлық форматқа ауыстырып, өтінішті тапсыру кезеңінде мемлекеттік кірістер органдарына жеке жүгіну қажеттілігін жояды. Пайдаланушылар барлық негізгі қадамдарды қосымша арқылы өтіп, өтінімнің қаралу мәртебесін нақты уақыт режимінде бақылай алады.

Қызметті алу үшін eGov Business мобильді қосымшасында авторизациядан өтіп:

  • «Бизнесті тіркеу және тоқтату» қызметтер санатын таңдап, «Жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтату» қызметіне өту қажет;
  • салық өтінішінің санатын таңдау қажет: D - «Камералдық бақылау жүргізіле отырып қызметін тоқтататын жеке кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын тұлға» немесе E - «Камералдық бақылау жүргізілмей оңайлатылған тәртіппен қызметін тоқтататын жеке кәсіпкер»;
  • талаптар тізімімен танысу қажет;
  • келесі кезеңде мемлекеттік кірістер органының кодын тізімнен таңдау қажет;
  • деректерді жинауға және ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына келісімді растау қажет;
  • салық органын (МКО) таңдау қажет;
  • өтінімге код, Face ID немесе Touch ID арқылы қол қою қажет. 

Қызмет нәтижесі және мемлекеттік органның жауабы қызметке қайта кірген кезде қолжетімді болады. Рәсім сәтті аяқталған жағдайда жүйеде мемлекеттік кірістер органдарының дерекқорында ЖК қызметінің ресми түрде тоқтатылғанын растайтын «Өңделді» мәртебесі көрсетіледі. 

«Бүгінде eGov Business мобильді қосымшасында шағын және орта бизнес  субъектілеріне мемлекеттік қызметтердің толық спектріне қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Осы таңда бизнестің негізгі өмірлік циклі – тіркеуден бастап дамыту, қайта ұйымдастыру және жабуға дейінгі кезеңдер цифрлық форматқа көшірілді. Біз бизнеске арналған цифрлық сервистердің мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастырып, мемлекеттік қызметтерді барынша ыңғайлы әрі қолжетімді етудеміз», - деп атап өтті, Бекманов Дәулет «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы. 

Естеріңізге сала кетейік, eGov.kz электрондық үкімет порталында кәсіпкерлік қызметті тоқтатуға байланысты өзге де цифрлық сервистер жүзеге асырылған. Атап айтқанда, «Заңды тұлғаларды тарату» қызметі пайдаланушыларға 2017 жылдан бастап қолжетімді. Осы кезең ішінде қызмет 35 000-нан астам рет пайдаланылған. 

Қызмет Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.