«ҚТЖ» ҰК» АҚ логистикалық қызметтері eGov Business-те қолжетімді

«ҚТЖ» ҰК» АҚ логистикалық қызметтері eGov Business-те қолжетімді

«Бірыңғай цифрлық терезе» сервисі eGov Business мобильдік қосымшасында қолжетімді болды. Бұл функционал пайдаланушыларға «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен логистикалық қызметтер бойынша ыңғайлы әрі тиімді өзара әрекеттесу үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады.

Сервистің басты мақсаты – логистикалық қызметтердің сапасын арттыру. Бірыңғай цифрлық терезе арқылы пайдаланушылар шарттарды басқару, өз операциялары бойынша аналитикалық деректерді алу, Call-орталыққа немесе әлеуметтік желілер арқылы сұрау жолдау сияқты түрлі цифрлық құралдарды пайдалана алады. Сонымен қатар, енді клиенттер қызметке өтінімді оңай рәсімдеп қана қоймай, жүктерінің мәртебесін нақты уақыт режимінде қадағалап, көрсетілген қызмет сапасына қатысты кері байланыс бере алады.

Қызметті пайдалану үшін пайдаланушыға:

  • eGov Business мобильді қосымшасына кіріп, «Қызметтер» бөліміне өту қажет;
  • «АҚ «ҰК ҚТЖ» – қызметін таңдау керек;
  • қызметпен танысу қажет.

Жаңа функционалдың іске қосылуы логистикалық үдерістердің тиімділігін арттыру жолындағы маңызды қадам болды. Бұл сервис «ҚТЖ» ҰК» АҚ көрсететін қызметтерді бірыңғай платформада біріктіріп, оларға жылдам әрі ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Жаңа қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және «ҚТЖ» ҰК» АҚ бірлескен жұмысының нәтижесінде іске қосылды.  

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.