Елорда прокуратурасы үлестік құрылыс саласына бақылауды күшейтуде

Елорда прокуратурасы үлестік құрылыс саласына бақылауды күшейтуде

Астана қаласының прокуратурасы үлестік тұрғын үй құрылысы саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүйелі және тұрақты негізде жүргізеді.

Құрылыс салушылардың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заң талаптарын қатаң сақтауына ерекше назар аударылады.

2025 жылдың басынан бері қадағалау шараларының қорытындысы бойынша салынып жатқан тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді заңсыз сатудың көптеген фактілері анықталды. Заң бұзушылықтар үшін 61 құрылыс компаниясы әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 49 млн теңгені құрады.

Прокуратура әкімшілік шара қолданумен қатар үлескерлердің қаражатын заңсыз тарту бойынша алаяқтық схемаларды ұйымдастырған қылмыстық тергеу бастады.

Тергеу қорытындысы бойынша 5 адам қылмыстық жауаптылыққа тартылып, мүлік тәркіленді.

Қадағалау қызметінің маңызды бағыты азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру болып қала береді. Соттар 900-ден астам үлескердің мүддесі үшін берілген прокуратураның 10 талап-арызын қанағаттандырды. Соттардың шешімдері бойынша олардың пайдасына 11 млрд теңгеден астам қаражат өндірілді, сондай-ақ 4 жер учаскесі қайтарылды.

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды құрылыс сатысында тұрғын үй сатып алу кезінде қырағы болуға шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңға сәйкес салынып жатқан тұрғын үйді сату кезінде алдын ала келісімдердің кез келген нысандарына, оның ішінде брондау, инвестициялау шарттарына, сондай-ақ алдын ала сатып алу-сату шарттарына тыйым салынады.

Үлестік құрылыс шеңберінде жылжымайтын мүлікті сатып алу жөніндегі мәмілелер тек қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылуға жататынына назар аударамыз.

Үлестік тұрғын үй құрылысы саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғасады және прокуратура органдарының тұрақты бақылауында болады.

Астана қаласының прокуратурасы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.