Прокуратура үлескерлердің құқықтарын қорғауда

Прокуратура үлескерлердің құқықтарын қорғауда

Елорда прокуратурасы тұрақты негізде құрылыс салушылардың «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заң (бұдан әрі - Заң) талаптарының сақталуы бағытында жұмыстарды жүргізуде.

Ерекше назар салынып жатқан тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді заңсыз сатуды анықтауға және жолын кесуге аударылуда.

2024 жылы 62 құрылыс компаниясы әкімшілік жауаптылыққа тартылды, оның 15 - і қайталап жасағандар.

Жыл басынан бастап осындай бұзушылықтар үшін 6 құрылыс салушы жазаланды.

Ондай бұзушылардың бірі «Asyl-nur Qyrylys» ЖШС (бұдан әрі - құрылыс салушы) болып табылады, ол тиісті рұқсатсыз салынып жатқан тұрғын үй кешенінде пәтерлерді сату жарнамасын таратқан.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде құрылыс салушыға қатысты әкімшілік іс қозғалып, 2024 жылғы 2 мамырда сотпен айыппұл салынды (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 320-бабының 1-бөлігі).

Оған қарамастан компания пәтерлерді сату туралы жарнама орналастыру арқылы азаматтардың қаражатын заңсыз тартуды жалғастырған, ол үшін 2024 жылдың 13 қарашасында қайталап әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен қатар прокуратураның бастамасымен сот азаматтық талап қою шеңберінде осы ұйымның жарнамасын орналастыруға тыйым салды (шешім заңды күшіне енді).

Осыған ұқсас талап қоюлар тағы 5 құрылыс компаниясына қатысты берілді.

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды салынып жатқан тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алмас бұрын үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаттың бар-жоғын тексеруге шақырады.

Ақпаратты мына сілтеме арқылы білуге болады: https://homeportal.kz/shared-construction-objects.              

Астана қаласының прокуратурасы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.