ІІМ Киберполиция басқармасының бастығы СҚО-да азаматтарды қабылдады

ІІМ Киберполиция басқармасының бастығы СҚО-да азаматтарды қабылдады

https://youtube.com/shorts/YOxaPqBb7iI?feature=share 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Киберқылмыспен күрес департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді. 

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында республикалық киберполиция басшысы жедел басқару орталығына барып, техникалық жабдықталуын, өңірлік киберполицияның автокөліктерін қарап, жедел уәкілдердің қызметтік кабинеттерін тексерді. 

Сапардың басты сәті азаматтарды жеке қабылдау болды. Жандос Сүйінбаймен үш петропавлдық әйел интернет-алаяқтардың құрбаны болған оқиғаларымен бөлісті. Полковник олардың өтініштерін мұқият тыңдап, толыққанды түсініктеме берді. Киберқылмыскерлерді анықтау мен жауапқа тарту бойынша жұмыс үнемі жүргізіліп жатқанын атап өтті. Азаматтарға моральдық қолдау көрсетілді. 

Сондай-ақ, Жандос Сүйінбай өңірдегі ең ірі бөлімшелердің бірі – киберқылмыспен күрес жөніндегі қалалық бөлімге барып, ондағы қызметкерлердің цифрлық қылмысқа қарсы күнделікті күреске қатысып жатқанын атап өтті. 

Кездесу қорытындысы бойынша департамент басшысы интернет-қылмыстың алдын алу бойынша заманауи форматтарды кеңейту, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және мұндай құқықбұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Юрий Клыков

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.