СҚО-дағы сайлау учаскелерінде жүздеген полицейлер құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады
https://youtube.com/shorts/22P3OJ8fsM4?feature=share
СҚО полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов республикалық референдумды дайындау және өткізу кезеңінде күшейтілген кезекшілікке түсуге тиіс полиция күштерін жинады.
Петропавлда 97 сайлау учаскесіндегі қоғамдық қауіпсіздікті қалалық полиция басқармасы мен облыс ПД-нің 300-ге жуық қызметкері ауысыммен қамтамасыз ететін болады.
Оларға нұсқаулықтар оқылды, учаскелердегі жедел жағдай баяндалды. 2-9 қазан аралығында СҚО құқықтық тәртіп сақшылары күшейтілген режимде қызмет атқаруда.
Полиция генерал-майоры Қабдұлдинов алдағы күндері тәртіп сақшыларынің алдына қойылған міндеттерді жеткізді. Содан кейін ол қызметкерлердің сыртқы келбетін, жабдықтауды, құжаттарды, бейнетіркегіштерді тексерді.
Сонымен қатар, ол республикалық ауқымдағы іс-шараны лайықты деңгейде өткізудегі жеке құрамның мемлекет және халық алдында жоғары жауапкершілік таныту міндетін еске салды.
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]