Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің ұсынысы бойынша СҚО білім саласында бұлттық бухгалтерия енгізілді
Петропавлда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізілді. Онда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті анықтаған, мемлекеттік органдар басшыларының білім беру және әлеуметтік қорғау салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жүргізілген жұмыстар туралы баяндамалары тыңдалды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындысы бойынша 20 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталып, оларды жою үшін 18 ұсыным әзірленген.
Білім басқармасы басшысының ақпараты бойынша барлық ұсынымдар орындалды. Бюджет қаражатын жымқыруды жою мақсатында барлық білім беру ұйымдарында бұлттық бухгалтерия енгізілді, жұмыс уақытын есепке алу табельдері автоматты түрде қалыптастырылады, сондай-ақ 2 тарифтік ставкадан асатын жалақыны аударуды автоматты түрде шектеу жүйесі енгізілген.
Әлеуметтік қорғау саласында да адами факторды болдырмай, субъективті тәсілдің жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтатын бірқатар цифрлық шешімдер қабылданды. Атап айтқанда, бухгалтерлік құжаттарға қол қою кезінде биометриялық сәйкестендіруді енгізу бойынша жұмыс жүргізілді, бақылау жүйелері орнатылды, саланы қозғайтын НҚА-ға орталық деңгейде өзгерістер енгізілді және т.б.
Кеңес барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің тұрақты сүйемелдеуіндегі әлеуметтік нысандар құрылысы мәселелері қаралды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Бақдәулет Махмуд отырысқа қатысушыларды құрылыс саласындағы талдау жұмысы барысында анықталған облыс аумағында облыс аумағында «Ауыл медицинасын жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы хабардар етті.
Талқылау қорытындысы бойынша облыс әкімі анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша мемлекеттік органдардың басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.
[xfvalue_img]

6 пікір