СҚО-да білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті білім беруді қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілетіні туралы хабарлайды.
Талдаудың басталуына Республика бойынша соңғы 3 жылда білім беру саласында тіркелген 300-ден астам жемқорлық құқық бұзушылық негіз болды, оның 5-і Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі.
Атап айтқанда, Талдықорған қаласының білім бөлімінің бас бухгалтерінің жақында ұсталуы үлкен қоғамдық резонанс тудырды, одан басым бөлігі шетел валютасына аударылған 1 млрд.теңге сомасында ақшалай қаражат және 21 жылжымайтын мүлік объектісіне құжаттар тәркіленді.
Осыған байланысты өңірдің белсенді азаматтарын талданатын саладағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін себептер мен жағдайлар туралы мәліметтерді, сондай-ақ талдау объектісінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды ұсыну арқылы талдау жүргізуге қатысуға шақырамыз.
Облыс тұрғындары ақпаратты «Талдау» белгісімен upd.sko@antikor.gov.kz электрондық мекенжайына жолдай алады, ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.
[xfvalue_img]