СҚО полицейлер аляқтарға алданған зейнеткерге 27 миллион теңгесін қайтаруға көмектесті

СҚО полицейлер аляқтарға алданған зейнеткерге 27 миллион теңгесін қайтаруға көмектесті

Петропавлда 66 жастағы зейнеткерге қылмыскер қоңырау шалып, өзін құқық қорғау органының қызметкерімін деп таныстырған. Ол әйелді белгісіз алаяқтар пәтеріңді тартып алмақшы және оларды әшкерелеу үшін тұрғын жайды сату бойынша тезірек «жалған мәміле» ресімдеу қажет деп айтқанына көндіреді.

Алаяққа сенген қала тұрғыны өзіне тиесілі екі пәтерін сатып жібереді. Сонымен қатар, әйел өзіне ешкімге жария етуге болмайтын тергеу құпиясы сеніп тапсырылды деп санайды. Дегенмен, туыстары мұнда бір шикіліктің барын сезіп, жәбірленушіні полицияға жүгінуге көндіреді, алайда ол ақшаның бір бөлігін қылмыскер көрсеткен шотқа аударып, ал қалғанын курьерге тапсырып үлгереді.

Курьер қолма-қол ақша 27 миллион теңгені Астана қ. жеткізеді. Ақша тізбек арқылы екі дроппер арқылы өткен, жедел уәкілдердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде ақша шетелге жөнелтілгенше тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Бұдан бөлек, полицейлер жәбірленушінің азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде қылмыскердің нұсқауы бойынша аударған ақшасын, әйелдің банк чектерін сақтауына байланысты қайтарып алуға мүмкіндігі барына тоқтала кетті. Аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасуда.

Тәртіп сақшылары: «ҰҚК-дан», «полициядан», «прокуратурадан» деген қоңырауларға, егер олар WhatsApp арқылы шалынса және сөйлесушілер сізді қандай да бір қаржылық операция жасауға азғырмақ болса сенбеу қажеттігін ескертеді. Егер осындай қоңырау түскен жағдайда, сөйлесуді тоқтатып, ақпаратты тексеру үшін сізге қоңырау шалған органның атына жүгініңіз.

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.