СҚО-ның екі тұрғыны желідегі алаяққа сеніп қалып 5 миллион теңгелерінен айырылған

СҚО-ның екі тұрғыны желідегі алаяққа сеніп қалып 5 миллион теңгелерінен айырылған

Алаяқтардың интернет арқылы жасайтын қулықтарының ең қауіптісі -  «банктің қауіпсіздік қызметінің қоңырауы». Желілік аферистер алаяқтықтың дәл осы түрімен адамдарды көп шығынға батырады.

Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөліміне қылмыскердің шоттан 2 миллионнан астам қаражат шешіп алғаны туралы ер адам жүгінді. Оған өзін банк қызметкерімін деп таныстырған белгісіз адам қоңырау шалып, шотыңыздан біреу ақша шешіп алмақшы болып жатыр деген әдеттегі «аңызды» айтқан. Жұмысқа берілген ер адам тұтқаның арғы жағындағы алаяқ екенін аңғармастан sms-хабарламамен келеген кодты айтып берген. Бұл оның депозитіне қол жеткізетін бір реттік код болатын. Ол барлық жинақтаған ақшасынан айырылғанын кейін түсінген.

«Жәбірленушінің айтуынша, ол интернет-алаяқтықтың қаупі туралы білген, алайда сол уақытта жұмыстан қолы босамай, мән-жайды анықтамаған, - деп хабарлайды Екінші ПБ бастығы полиция подполковнигі Руслан Сыздықов. Тәжірибе көрсеткендей, кей жағдайларда интернет-алаяқтықтан хабары бар адамдардың өздері зардап шегуі әбден мүмкін, өйткені алаяқтар психологиялық қысым көрсету әдістерін жақсы меңгеріп алған. Бірнеше күннен кейін тағы осындай факті тіркелді: киберқылмыскерлердің қаупі туралы жақсы білген әйел,  бірнеше қоңыраулардан кейін ұсынылған шотқа 3 миллионнан астам ақшасын аударған».

Тәртіп сақшылары «банк қауіпсіздік қызметінің қоңырауы» - алаяқтардың қулықтары екендігін естен шығармаған жөн дейді. Егер шоттарыңыз туралы күмәндансаңыз банк филиалына жүгініңіз, сол жерден шынайы ақпарат ала аласыз. Қандай жағдай болмаса да, жеке мәліметтеріңізді: нөмірлеріңізді, пин-кодтарды, банк карталарының cvv-кодтарын, sms-хабарламмен келетін бір реттік кодты ешкімге сеніп, айтпаңыз.

СҚО ПБ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив