YouTube пен TikTok қараған – 2025 жылдың басында балалар ең көп қолданған  қосымшалар белгілі болды

YouTube пен TikTok қараған – 2025 жылдың басында балалар ең көп қолданған қосымшалар белгілі болды

«Kaspersky зертханасының» сарапшылары 2025 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанда балалар ең көп уақыт арнаған сервистерді талдап, кең таралған киберқауіптер туралы ескертті.

*Kaspersky Safe Kids қызметінің мәліметі бойынша, 2025 жылдың алғашқы үш айында балалар көбінесе мессенджерлер, қысқа видеолар көруге арналған қосымшалар мен  ойын сервистерінде уақыт өткізген. Олардың арасында алғашқы орында YouTube тұр – балалар ең көп қолданатын он қосымшаның ішінде дәл осы платформада өткізген уақыт 30%-ды құрайды. Екінші орында — TikTok (16%), ал үшінші орында — WhatsApp (14%). Сонымен қатар ТОП-ондықтың қатарында Roblox, Agent+, Telegram, Brawl Stars, Chrome, YouTube Kids және Instagram бар. Ап, компьютерде балалар уақыттарының басым көпшілігін - Chrome (32%), Microsoft Office (14%) және Microsoft Edge (11%) қосымшаларында өткізген.

Kaspersky зертханасы сарапшыларының анықтауынша, балалардың осы қызығушылығын білген алаяқтар аталған қосымшаларды өз схемаларында белсенді қолданатынын ескертеді. Шабуылдар көбінесе мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асады. Бірақ зиянды контентке басқа платформаларда да тап болу ықтималдығы жоғары — мысалы, видеолардың пікірлерінде немесе оқушылар арасында танымал ойын форумдарында.

Ата-аналар мен балалар алданып қалатын қауіпті алаяқтық тәсілдер

Аккаунттарды жалға беру және банк карталарын сату. Мессенджерлерде, әлеуметтік желілерде немесе  онлайн ойындар платформаларында  алаяқтар жасөспірімге «ақша табуды» ұсынып, мессенджердегі пайдаланылмайтын аккаунт немесе банк картасын қолдану туралы ұсыныс айтуы мүмкін. Кей жағдайда жаңа карта ашуды сұрайды. Бірақ мұндай ұсыныстар өте қауіпті, өйткені алаяқтар бұл аккаунттар мен карталарды заңсыз әрекеттерге пайдаланады. Ата-аналар аккаунт немесе карта арқылы жасалған әрекеттер үшін карта иесі жауапты болатынын баласына түсіндіруі керек.

Ата-ананың ақшасы мен жеке деректерін ұрлау. Кей балалар интернетте жеке ақпаратты ашық бөлісуге бейім. Алаяқтар осындай мәліметтерді пайдаланып, ересектерге шабуыл жасай алады. Айталық, фишингтік хабарлама жіберіп немесе әлеуметтік инженерия әдісі “аңыз” ойлап табуы мүмкін. 

Қауіпті челлендждер. Бұл – балалар мен жасөспірімдер үшін әлі де үлкен қауіп. Соңғы кезде мұндай челлендждерге тарту жолдары сан түрлі. Алаяқтар баланы қауіпті әрекеттер  жасауға мәжбүрлеу үшін, жеке суреттері мен видеоларын көпшілікке жария етемін деп қорқытуы мүмкін,. Олар «әлсіз емес екеніңді дәлелде», «қадам жаса – мазаламаймыз» сияқты сөздермен, жасөспірімнің атынан жалған аккаунттар немесе топтар құрып, психологиялық қысым жасауы мүмкін.

Kaspersky зертханасы, балалардың онлайн қауіпсіздігі бағытының жетекшісі Андрей Сиденко былай дейді:

«Алаяқтар трендтерді мұқият бақылап, әртүрлі танымал қосымшалар мен сервистерді өз пайдасына қолданады. Олардың схемаларын кейде ересектердің өзі түсіне бермейді, ал жасөспірімдер тіпті де осал. Әсіресе, емтихан кезінде күйзеліс күшейіп, ақпаратты мұқият тексеруге мұршалары болмай қалуы мүмкін. Сол себепті, ата-аналар балалармен онлайн қауіпсіздік ережелерін үнемі талқылап, интернеттегі қауіптер туралы ашық айтуы қажет. Ең маңыздысы — бала қандай да бір қиын жағдайға тап болса, оны жасырып қалмай, үлкендерге айта алатынын, өзін әрдайым қолдайтынын білуі керек. Бұл әсіресе кибербуллингке немесе қауіпті челлендждерге қатысуға мәжбүр болған жағдайда аса маңызды».

Балаларды интернеттегі қауіп-қатерден қорғау үшін «Kaspersky зертханасы» мынадай кеңестер ұсынады:

  • Балаңызға аккаунттарды қауіпсіз ету жолдарын түсіндіріңіз, күрделі құпиясөз ойлап табуға және екі факторлы аутентификация орнатуға көмектесіңіз;
  • Балаңыз жиі қолданатын ойындар мен қосымшалар туралы сұрап, олармен танысыңыз — бұл оның қызығушылығын түсінуге және сенімді қарым-қатынас орнатуға көмектеседі;
  • Kaspersky Safe Kids сияқты ата-аналық бақылау орнататын бағдарламаларды пайдаланыңыз.

* Бұл деректер Android пен  Windows операциялық жүйесіндегі компьютерлердегі қосымшаларда балалардың өткізген уақыты туралы анонимді статистика негізінде әзірленген. Ең танымал он қосымшаны жалпы қолдану уақыты - 100% деп есептеліп, әр қосымшада өткен сағаттың үлесін байланысты анықталған.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.