WhatsApp, TikTok, Roblox: «Касперский зертханасы» қазақстандық балалар мобильді құрылғылардан қандай қосымшаларға жиі кіретінін анықтады

WhatsApp, TikTok, Roblox: «Касперский зертханасы» қазақстандық балалар мобильді құрылғылардан қандай қосымшаларға жиі кіретінін анықтады

«Касперский зертханасы» 2022 жылдың мамырынан бастап 2023 жылдың сәуірін қоса алғанда, Қазақстанда балалар қандай мобильді қосымшаларда көп уақыт өткізгенін талдады*. Бірінші орын YouTube-ке тиесілі болды, оның үлесі ең танымал он қолданбада өткізген барлық уақыттың үштен бірін алып отыр. Екінші және үшінші орындарда WhatsApp (19%) пен TikTok (18%). Қазақстандық көшбасшылар үштігі жалпы әлемдегі тенденциямен сәйкес келеді.

Сондай-ақ, қазақстандық топ-10-ға Roblox (9%), Brawl Stars (3%) және Standoff (2%) ойын қосымшалары, Chrome браузері (6%), Telegram мессенджері (4%), Instagram әлеуметтік желісі (3,5%) және YouTube Kids (3%) кірді.

Сонымен қатар, «Касперский зертханасы» қазақстандық балалардың iOS және Android жүйелеріндегі мобильді құрылғылардан қандай сайттарға кіргенін талдап, олардың ең қызығатыны мультимедиялық ойын-сауықтар екенін анықтады. Компанияның аноним** жүргізілген статистикасына сәйкес, олардың үлесі барлық ресурстың жартысына тең болған. Ең көп таралуы бойынша интернет-коммуникация құралдары екінші орында, олардың үлесі 27%. Үшінші орында ойындар екен: олардың үлесі шамамен 8%-ға тең.

Жұмыс үстелдері мен ноутбуктерден ең көп кіретін ресурстардың түріне келетін болсақ, бірінші орында интернет-коммуникация құралдары (38%), екінші орында мультимедиялық ойын-сауық (35%), ал үшінші орында - жаңалық ресурстары (7%) болды.

Жалпы әлемдік іздеу статистикасы көрсетіп отырғандай, балалар көбінесе YouTube-тен ойын-сауыққа, челлендждерге және лайфстайл видеоларына қатысты блогерлердің аттарын немесе арна атауларын іздейді (19%). Екінші орында — мультфильмдер, сериалдар және аниме (17%), үшінші орында — музыкалық орындаушылар мен ойын блогерлері (15%-дан астам). Мультфильмдердің көшін бастап келе жатқаны — «Леди Баг и Супер-Кот», фильмдерден — «Братья Супер Марио в кино», «Чёрная пантера: Ваканда навеки», «Рок дог 3: Битва за бит».

«Балалар мобильді құрылғылардан видеоойындар ойнайтынын көріп отырмыз, бірақ олар бірнеше жыл бұрын бұл үшін компьютерлерді таңдайтын. Сонымен қатар, біздің статистика интернет олар үшін негізгі мүмкіндіктерінің бірі байланыс болып қала беретінін растап отыр. Балаларды қорғау күні мынадай үндеу жасаймыз: желіде сөйлескен кезде абай болу, тым көп жеке ақпаратты жарияламау және өз логиндері мен құпиясөздерін ешкімге бермеуді үнемі ескертіп отырыңыз», — деп түсіндірді «Касперский Зертханасының» Қазақстан, Орта Азия және Моңғолиядағы басқарушы директоры Валерий Зубанов.

Ата-аналарға көмектесу үшін компания Kaspersky Safe Kids әзірледі. Ол барлық танымал платформамен үйлеседі: Windows, macOS, Android және iOS. Өнім ата-аналарға баланың интернетте қанша уақыт өткізетінін, қандай сайттарға кіретінін және оның әлеуметтік желідегі парақшасында қандай жарияланымдар қалдыратынын білуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Kaspersky Safe Kids геолокация функциясының арқасында баланың қазіргі орналасқан жерін анықтай алады, ал «YouTube-те қауіпсіз іздеу» функциясы оны қызметтің штаттық мүмкіндіктерін толықтыра отырып, танымал сайттағы күмәнді видеоконтенттен қорғауға мүмкіндік береді. 

* Kaspersky Safe Kids аноним статистикасына сәйкес, балалардың Android-та жұмыс істейтін құрылғылардағы қолданбаларда өткізген сағаттарының саны. 100%-ға ең танымал он қолданбада өткізілген сағаттардың қосындысы қабылданды, ал пайыздық бөлу әр қосымшада өткізілген сағаттардың санына байланысты.

** Деректер балалардың онлайн-қауіпсіздігі үшін «Касперский Зертханасы» бағдарламалық жасақтамасының қорғаныс компоненттерінің аноним статистикасына негізделген.

*** YouTube платформасындағы аноним іздеу деректері. 100%-ға YouTube-тен 2022 жылдың мамырынан 2023 жылдың сәуіріне дейін жиналған топ-1000 іздеу сөздері қабылданды. Тақырыптың танымалдығы — оған қатысты сұраныстардың үлесі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив