Kazakh Tourism киноиндустрия арқылы туризмді ілгерілетеді

Kazakh Tourism киноиндустрия арқылы туризмді ілгерілетеді

Кинематография Қазақстанның туристік бағыттарының тартымдылығын арттыруға ықпал етеді. Осы бағытта Kazakh Tourism халықаралық аренадағы индустрия өкілдерімен ынтымақтастықты кеңейтуде. Продюсер Надира Ахонова Қазақстан туризмінің елшісі атанып, елімізге әлемдік медиа-компаниялар мен Голливуд студияларын тартуды жалғастыруды жоспарлап отыр.

Кездесу барысында Kazakh Tourism басшысы Қайрат Сәдуақасов кино арқылы туризмді ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті. Бұл елдің бай мәдениеті мен табиғи ландшафттарының алуан түрлілігін ғана емес, тарихи мұрамызды да паш етуге жол ашады. Компания басшысы Қазақстанның тартымды туристік бағыт ретінде танымалдығының артуына ықпал ететін туризм елшілерінің рөлін де атап өтті. Құрметті миссияны қазақстандық қоғам қайраткерлерімен қатар шетелдік азаматтар да атқарады.

«Қазақстан – бұл шексіз дала мен керемет табиғи пейзаждар ғана емес, сонымен қатар бірегей дәстүрлер, қонақжайлық, бай тарих және халықтың ерекше рухы. Мен фильмдер арқылы әлемді еліміздің бай мұрасымен таныстыруды мақсат тұттым. Енді менің кәсіби қызметім жаңа бағытқа ие болды. Бұл - үлкен жауапкершілікпен және елге қызмет ету құрметіне тікелей байланысты.  Менің жоспарым —Қазақстанға фильмдерді бірлесіп шығару үшін Үндістан мен Голливудтан продюсерлерді тарту. Бұл екі кино нарығы әлемдік киноиндустрияда жетекші орын алады. Мен осы процестің бір бөлігі бола алатынымды және әлемге Қазақстанды ашуға көмектесетінімді мақтан тұтамын», - деп атап өтті продюсер.

Продюсер Надира Ахонова киноиндустриядағы өзінің халықаралық тәжірибесі мен байланыстарын пайдалана отырып, Қазақстанда туризмді тегін ілгерілететінін атап өту маңызды. Ол әлемдегі ең ірі медиа компаниялармен және Голливуд студияларымен серіктес. Қазақстан "Эмми" (Genetic Passport), "Telly" (My Kazakhstan, Bloomberg Media) және "Best Feature Film" (the steed, Сан-Диего) сыйлықтарының лауреаты болып табылады. Ол Канн кинофестиваліне discommunication фильмімен және өзінің Seven Rounds жобасымен қатысты. Надира сонымен қатар Bloomberg, SABC, Ұлыбританияның 24 арнасы, HBO, PPTV, France 24, SVT, YLE, DR, CGTN, CNA, Sunday Times, NY Times және басқа да жетекші әлемдік арналардың жаңалықтар репортаждары мен деректі фильмдерінің продюсері. Қазір продюсер CNA-мен "Саламатты Қазақстан" жобасы туралы "Reaching the Unreached"деректі фильмінде жұмыс істейді. Оның премьерасы Астанада немесе Алматыда болуы мүмкін. Сондай-ақ, фильмді халықаралық фестивальдарда көрсету жоспарлануда.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

17 пікір

  1. аватар
    techy 9 апреля 2025 16:49

    툰코 웹툰 keeps me coming back with its fresh content.

    The artwork and stories on this 웹툰 사이트 are top-notch!

    Perfect timing with this post, I’m all in for 인스타최적화.

    The free access to comics on 뉴토끼 is just too good to pass up.

    I recommend 마나토끼 to all my friends who love comics.

    블랙툰 has an amazing collection of webcomics for everyone!

    Every time I check 마나토끼, there's something new to enjoy.

    The perfect site for comic lovers: 뉴토끼 주소.

    I’ve discovered so many great series on 뉴토끼!

  2. аватар
    techy 23 апреля 2025 22:14

    I'm hooked on the new series I found on 블랙툰.

    I love the variety of genres available on [url=https://www.blacktoon.biz/대체]툰코[/url]. There’s something for everyone!

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.