Экологиялық бастама әрекетке кірісті: Қазақстан университеттері болашақты өзгертуде » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Экологиялық бастама әрекетке кірісті: Қазақстан университеттері болашақты өзгертуде

Экологиялық бастама әрекетке кірісті: Қазақстан университеттері болашақты өзгертуде

«3.2.1.Старт!» экологиялық жобасының аясында Қазақстан университеттерінде қалдықтарды бөлек жинауға арналған 810 контейнер орнатылды. Студенттер бастамаға белсенді қатысып, пластикалық қалдықтарды жинады, ай сайын қайта өңдеуге жіберіп, нәтижелерін тіркеп отырды.

«3.2.1.Старт!» экологиялық жобасы «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ қолдауымен Coca-Cola Icecek Kazakhstan (CCI Kazakhstan) компаниясынан бастау алып, өзінің тоғызыншы маусымын аяқтап қалды. Негізгі жұмыс бағыттарының бірі - қалдықтарды бөлек жинау инфрақұрылымын кеңейту. Жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бағдарлама әсерлі нәтижелер көрсетті. Осы маусымның өзінде 6 тоннадан астам пластик жиналды.

Биылғы жылы қатысушылар саны артты - еліміздің түрлі қалаларындағы 14 қазақстандық университеттің ЖОО кампустары бөлек жинау жүйесін белсенді түрде енгізіп, орнықты даму қағидаттарын түсінуге ықпал ететін экологиялық форумдар, вебинарлар мен студенттік жобалар ұйымдастырды.

«Осындай жобалар арқылы экологиялық жауапты азаматтардың жаңа буыны қалыптасатынына сенімдіміз. Университеттермен, студенттермен және серіктестермен бірге әлемнің экологиялық тазаруына ықпал ете аламыз. Осы маңызды істе бізбен бірге болғандарыңыз үшін рақмет!» - деп атап өтті «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ бас менеджері Асыл Оқапова.

Жоба аясында университеттер арасында пластикті қайта өңдеу бойынша үздік идеяға конкурс ұйымдастырылды. Satbayev University мен Д.Серікбаев ат. ШҚТУ студенттері өткен маусымның ең белсенді қатысушылары атанды. Жеңімпаз-университет пластикалық қалдықтарды қайта өңдеу жабдықтарын және студенттерге циклдік экономика принциптерін үйрету мүмкіндігін алды. Д.Серікбаев ат. ШҚТУ пластикті ұсақтауға арналған шредер алды. Сондай-ақ ұйымдастырушылар мен университеттер бастаманы жалғастыру ниетін растайтын кейінгі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Жауапты бизнес ретінде бізге пластик жинап, қайта өңдеумен қатар тұрақты даму саласында ұзақ мерзімді шешімдер жасау да маңызды. Біз жинау инфрақұрылымына инвестиция салып, экологиялық бастамаларды қолдаймыз, және студенттердің осы процестің белсенді қатысушылары болғанын көреміз. Экологиялық сананы қалыптастыру - болашақ ұрпақтың ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыпты қарауының кепілі» - деп атап өтті CCI Қазақстан Корпоративтік қатынастар және орнықты даму жөніндегі директоры Әлима Исембаева.

CCI Қазақстан компаниясы қайта өңдеушілермен және экологиялық ұйымдармен ынтымақтаса отырып, Қазақстан қалаларында қалдықтарды жинау инфрақұрылымын дамытуға инвестиция салуын жалғастыруда. Компанияның 2030 жылға дейінгі жоспары нарыққа шығарылған қаптаманың 100% баламасын жинауды көздейді. Жауапты бизнесті дамытып, экологиялық бастамаларды іске асыруға қосқан белсенді үлесі үшін компания еліміздің әлеуметтік-жауапты кәсіпорындарының бірі ретінде "Парыз" мемлекеттік наградасына ие болды.

«3.2.1.Старт!» жобасы - жай ғана қалдықтарды жинау бастамасы емес, жастардың экологиялық санасын қалыптастыратын қозғалыс. Студенттердің, ЖОО мен бизнестің бірлескен күш-жігері Қазақстанға қалдықтарды бөлек жинап, қайта өңдеу нормаға айналатын неғұрлым орнықты болашаққа қарай жылжуға көмектеседі.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.