Қазақстанда қайталама шикізатты қайда тапсыруға болады. Қазір 20 экостанция бар және олардың саны өсуде!
Бүгін жауапты тұтыну көптеген қазақстандықтар үшін тек тренд емес, бұл өмір салты. Қарапайым адамдар қалдықтар мен басқа да экологиялық мәселелерге назар аудара бастады. Экологиялық мәселелерге назар аударатын компаниялар нарықта бәсекелестік артықшылықтарға ие болып, брендтің адалдығын арттырып жатыр.
Мысалы, Coca-Cola Icecek Қазақстан компаниясы (CCI Қазақстан) пластик пен басқа да қалдықтарды жинау мен өңдеуге бағытталған әртүрлі жобаларға жиі инвестиция салуда.
Олардың ішінде ең маңызды жобалардың бірі «3.2.1.Старт!» жобасы болып табылады. Ол 8 жыл бойы жұмыс жасап, жастарға экологиялық және бизнес тақырыптары бойынша білім беру семинарларына қатысуға, сондай-ақ өз экоидеясын жүзеге асыру үшін қаржылық қолдау алуға мүмкіндік береді. Биыл бұл жобаға Қазақстанның 11 жетекші университеті қатысты. Жоба аясында 17 707 кг пластикалық қалдық жиналып, қайта өңдеуге жіберілді.
Компания 2030 жылға қарай Қазақстан нарығына шығатын қаптаманың 100%-ына тең көлемін жинауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар қазір Алматыда екі экостанция бар. Біреуі компанияның кеңсесі территориясында, ал екіншісі Алматы Арена ауданында орналасқан. Онда қайта өңделетін материалдардың 11 түрі қабылданады. Оларға пластик, түссіз шыны, металл, консерв құтылары, ірі және ұсақ электроника, батареялар, макулатура, картон және гофрленген картон жатады.
CCI экологиялық бағдарламаларының тағы бір маңызды бағыты – Zero waste events бастамалары. Олар жас кәсіпкерлердің идеяларының арқасында қолдау табады. Мысалы, өткен маусымдардағы «3.2.1.Старт!» жобасының жеңімпазы Пакизат Сайлаубекова осы жобаға өз үлесін қосты. Ол бұқаралық іс-шараларды жасылдандыру идеясының авторы және Recycle.Birge компаниясының негізін қалаушыларының бірі.
Сондай-ақ, биыл CCI Қазақстан қаржылай қолдауы көмегімен Қазақстанның бес қаласында, атап айтқанда, Көкшетау, Астана, Петропавл, Степногорск, Щучинск қалаларында KazWaste қалдықтарды басқару жөніндегі Қазақстандық Қауымдастықтың мүшесі LS Astana 20 экостанциясы жаңартылды. Станциялардың кейбіреулері қаржылық қолдаудың болмағанына байланысты осы жылға дейін жұмыс жасаған жоқ. Станциялардың дизайны жаңартылып, қала тұрғындары оларға назар аудара бастады. Соның арқасында станциялар туралы көбірек адам біліп, қалада қалдықтарды жинау мен қайта өңдеуге жағдай жасалынды.
Қазіргі уақытта экостанцияларда 30 тоннадан астам қалдық жиналды. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш орта есеппен 10%-ға өсті.
Оған қоса Қазақстанның батыс өңірлерінде «Тұрақты дамуға жәрдемдесу орталығы» Қоғамдық Қоры «The Coca-Cola Foundation» Халықаралық Қорының қолдауымен қалдықтарды бөлек жинау жүйесін енгізу жөніндегі бастаманы іске асыруда. Осы жобаны іске асыру барысында 120 эко-бокс және 150 мамандандырылған торлы контейнер орнатылды.
Ал 2023 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан CCI компаниясының қаржыландыруының көмегімен Қарағандыда тағы 211 торлы контейнер өндіріліп, орнатылды. Қазір осы контейнерлер арқылы 42 889 кг пластик қалдықтары жиналып, қайта өңдеуге жіберілді.
[xfvalue_img]