Заң мен тәртіп: СҚО-да азаматтық қорғау органдарының өкілдеріне Integrity check туралы айтылды » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Заң мен тәртіп: СҚО-да азаматтық қорғау органдарының өкілдеріне Integrity check туралы айтылды

Заң мен тәртіп: СҚО-да азаматтық қорғау органдарының өкілдеріне Integrity check туралы айтылды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті «Заң мен тәртіп» нарративін ілгерілету шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен кездесу өткізді, оған БКБ арқылы аудандық бөлімшелердің өкілдері де қатысты.

Азаматтық қорғау органдарының өкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруға арналған, жоспарланған жаңашылдықтар жеткізілді.

Солардың бірі – Іntegrity check парасаттылықты тексеру институты. Сыбайлас жемқорлыққа бейімділікті тестілеуді енгізу жосықсыз қызметшілерді уақытында анықтауға және жұмыстан шығаруға, сонымен қатар олардың сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен қоғамға нұқсан келтірмеуге мүмкіндік береді.

Спикер Департамент басшылығын жеке құрамның тазалығына ерекше назар аударуға шақырды және бағыныштылардың сыбайлас жемқорлығы үшін бірінші басшылардың дербес жауапкершілігін, сондай-ақ жақын туыстары мен жұбайларының бірлескен қызметі фактілеріне жол бермеуді еске салды.

Семинар аясында қатысушылардың назарына жемқорлыққа қарсы роликтер көрсетіліп, қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.