Маңғыстауда полиция қызметкерлері «Integrity check» әдісімен танысты
Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Мұнайлы ауданының полиция қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар ұйымдастырды.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлықтың теориялық негіздері және Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асырудың маңызды аспектілері талқыланды.
Семинарда Департамент басшысының бірінші орынбасары Біржан Хайруллин алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарға сәйкес елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында заңнамалық шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ, қызметкерлер қазіргі уақытта енгізіліп жатқан «Integrity check» сыбайлас жемқорлық орнықтылығын тексерулер әдісі туралы білді.
«Тұжырымдамадағы жаңашылдықтың бірі - Integrity check институты. Бұл шара әлем елдерінде ұтымды пайдаланылып келеді әрі сыбайлас жемқорлыққа бейім адамдарды қылмыс жасағанға дейін анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай тексеру бойынша теріс нәтиже жұмыстан шығаруға әкелуі мүмкін», деді Біржан Хайруллин.
Сондай-ақ, спикер сыбайлас жемқорлық ұсынысын алғаннан кейін мемлекеттік қызметшілер бұл туралы өз басшысына дереу хабарлауы тиіс екенін айтып өтті.
[xfvalue_img]